– Бір қарағанда дәнекерлеуші мамандығы қыз балаға лайықты емес сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ мінезі ер азаматқа тән мықты қыздар бар ортамызда. Дәнекерлеуші, құрылысшы болып, ауыр жүк көліктерін тізгіндеген, туу биікте кран басқарып отырған аруларымыз қаншама. Мен бүгін осы мамадықты таңдағаныма өкінбеймін. Дәнекерлеу ісінде жеткен жетістігім де, тәжірибем де бар. Жалпы әрдайым өз біліктілігімді көтеріп, шеберлігімді шыңдап отырамын. Өзім білген, алдыңғы буын өкілдерінен үйренген тәжірибемді бүгінде алдымдағы студенттерге жалықпай үйретіп жүрмін, – дейді Жазира Мадибаева.
Бүгінде ол тәрбиелеген шәкірттер еліміздің түкпір-түкпірінде, құрылыс салаларында еңбек етуде. Тұрғын үй кешендерінде, газ бен таза ауыз су желілері мен жылу магистралдарында дәнекерлеуші болып жүрген шәкірттері ұстазына жиі хабарласып, рақметтерін айтып тұрады екен.
«Шәкірттерім бір мекемеге жұмысқа орналасып, алған мамандықтарының үдесінен шығып, табысты болып жатса, мен қатты қуанамын. Олардың арасында өзім сияқты колледждерде ұстаздық етіп, педагог атанғандары да бар. Көбінесе солар ақылкеңес сұрап, тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Мен үшін бұл да жетістік. Осындайда мен босқа тер төгіп жүрген жоқ екенмін, бір студентке болса да жақсы тәлім-тәрбие беріп, дұрыс жолға салған екенмін деп мәртебем көтеріліп қалады», – дейді ол.
Ұстаздық еңбегімен қатар Жазира Мадибаева ұжымдағы бастауыш кәсіподақ ұйымын басқарып отыр. Мекемедегі түрлі іс-шараларды ұйымдастырып қана қоймай, жақсы істердің бастамашысы да болып жүр. Ұжымдастары айналасына шуақ шашып жүрген әріптесін қатты сыйлап, құрметтейді. Оқу ордасында оның қатысуынсыз, араласуынсыз бірде-бір іс-шара өтпейді. Ұжым педагогтері мен техникалық қызметкерлерінің сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруда да Жазираның еңбегі белсенді.
Тағы бір қыры оның қоғамдық жұмыстарға айрықша атсалысуында. Мамандығы бойынша да, дәнекерлеу ісі аясында да, мекеме атынан түрлі байқауларға қатысып, колледждің жақсы атын шығарып жүр. Алған жүлделі орындары, марапаттары да көп.
Шолпан САБАНОВА
журналист.
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




