«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өтініштердің 65,6 пайызы оң шешілген

Өтініштердің 65,6 пайызы оң шешілген
Автор
Amanat партиясының бүгінгі таңдағы жұмыстарының маңызды және аса жауапты бағытының бірі – азаматтарды қоғамдық қабылдау. Сондықтан қоғамдық қабылдау бөлмелері – партияның барлық филиалдарында тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.

Қоғамдық қабылдаудың ең басты мақсаты – өтініштерімен келген барлық азаматтармен тікелей кездесіп, сұхбаттасып, олардың мұң-мұқтажы мен толғандыратын әлеуметтік мәселелерін зерделеумен ерекшеленеді. Сонымен қатар партия филиалдары азаматтардың өтініштерін түскеннен бастап түпкілікті шешім алғанға дейін қарауын қамтамасыз етеді. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне ағымдағы жылдың 9 айында 2637 өтініш түсіп, оның 1729 немесе 65,6 пайызы оң шешілуіне тікелей атсалысып, 908 немесе 34,4 пайызы бойынша түсініктемелер берілді.

Келіп түскен арыз-өтініштерде көтерілген мәселелер мен сұрақтардың саны – 2637. Оның ішінде, 1107 немесе 42 пайызы – әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша, 301 немесе 11,4 пайызы – тұрғын үй-коммуналдық мәселелері; 337 немесе 12,8 пайызы – тұрғын үйге және жерге мұқтаждық бойынша,193 немесе 7,3 пайызы – жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбекақы өндіру мәселесі, 251 немесе 9,5 пайызы – денсаулық сақтау мәселелері бойынша қайырылған.

Қалған өтініштердің 448-і немесе 17 пайызы – әртүрлі мәселелер бойынша түскен. Есепті кезеңде 931 қабылдау өткізіліп, онда 2559 адам қабылданды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары 10 қабылдауда 50 азаматтың өтінішін тыңдаса, партия аймақтық және аумақтық филиал төрағалары 57 қабылдауда 141 тұрғынның талаптілектерін тыңдады. Сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 417 қабылдауда 986 адам, әкім және әкім орынбасарлары 142 қабылдауда 483 адам, жергілікті мемлекеттік орган басшылары 211 қабылдауда 445 адам, «Құқықтық көмек» жобасы аясында 29 қабылдауда 89 адам болды. 16 мобильді қоғамдық қабылдауларда 43 азаматтың өтініші тыңдалды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік орган өкілдері 65 тақырыптық және көшпелі қабылдаулар өткізіп, онда 365 адам қабылданған. 2637 өтініштің 19 пайызы немесе 501-і онлайн арқылы түскен өтініштер. Олар негізінен Whatsapp және Telegram – 14 пайыз (70), Call-орталығы – 18 пайыз (90), филиалдардың жедел желілеріне – 16 пайыз (80), әлеуметтік желілер арқылы – 22 пайыз (110), партияның сайтына, электрондық поштаға Egov портал – 30 пайыз (151).

Оң шешімін тапқан мәселелерге тоқталсақ, қабылдаулар барысында 1 топ мүгедегіне пәтер берілсе, 2-ші топ мүгедектігі бар 2 азаматқа мүгедек арбасы табысталды. Сондайақ аз қамтылған, отбасы жағдайы төмен 48 бала мектеп формасы мен оқуға қажетті кеңсе заттарымен қамтылды. 4 мүмкіндігі шектеулі азамат ауруханаға жатқызылса, денсаулығында ақауы бар 6 азаматқа тегін дәрі-дәрмек берілуіне партия тікелей ықпал етті. Сонымен қатар 26 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, 3 азаматқа Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ықпал етілді, 2 мүмкіндігі шектеулі азаматқа мүгедектік топ тағайындалды. 5 еңбек дауы оңынан шешілді, яғни 3 азаматқа жұмыс орнынан жалақысы берілді, 2 азамат жұмысына қайта оралды (жалақыларын бермей қойған, жұмыстан заңсыз шығарылған болатын).

Жағдайы төмен 16 отбасыға демеушілер есебінен азық-түлік себеттері табысталды, 6 азаматқа қаржылай материалдық көмек көрсетілді. Жалғызбасты ананың үйіне газ кіргізілді, балалары жаздық лагерьмен қамтылды, 18 азаматқа құзырлы органдардан тиісті құжаттары алынды және тағы да басқа мәселелер партияның тікелей ықпалымен оңынан шешілді.

2025 жылы партияның облыстық филиалы елді мекендерде 16 мобильді қабылдау өткізді. Яғни, Байзақ ауданы Сарыкемер мен Диқан, Жамбыл ауданы Аса және Қаракемер, Қордай ауданы Қордай және Әлжан ана, Меркі ауданы Талдыбұлақ пен Меркі, Мойынқұм ауданы Мойынқұм және Бірлік. Т. Рысқұлов ауданы Құлан және Көкдөнен, Талас ауданы Қаратау қаласы мен Көктал, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылдарында қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда 516 адам қайырылып, яғни қайталанған өтініштерді есепке алмағанда 206 өтініш-талаптарын білдірді. Оның 97-сі немесе 47 пайызы оң шешімін тапты.

Облыстық филиалдан бөлек партияның аумақтық филиалдары да шалғай елді мекендерде көшпелі қабылдауларын өткізуде. Қабылдауларда көптеген мәселелер шешілуде. Атап айтар болсақ, ауыл және көше жолдары жөнделуде, науқастарға мүгедектік топтары тағайындалды, емдік-сауықтыру орталықтарына тегін жолдама берілді, қайтарымсыз гранттар алынды, субсидиялар берілді, мұғалімдер мен кіші қызметкерлердің жалақысы көтерілді, жайылымды жерлер қайтарылды, газ жоқ ауылдар газбен қамтылды және тағы басқа мәселелер оңтайлы шешілді.

Қоғамдық қабылдаулар кестелері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде алдын ала кеңінен жариялануда. Партия филиалдары тарапынан «кері байланыс» орнатылып, түскен барлық арыз-шағымдардың тиісті деңгейде қаралып, орындалуы тұрақты бақылауда ұсталып, әрбір арыз иесіне қысқа мерзімде жауаптар берілуде. Ең бастысы, өтініштері заң аясында қанағаттандырылуда, түсініктемелер беріледі.

 

Үміт ИБРАИМОВА

Amanat партиясы облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар