Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың, облыс әкімдерінің, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиевтің баяндамалары тыңдалды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін ел экономикасына $150 миллиард шетелдік инвестиция тарту туралы қойған міндетіне назар аударды.
ҚР ҰЭМ деректері бойынша биылғы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестицияның (НКИ) жалпы көлемі 13,8 триллион теңгені құраған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5 пайызғға артық. Ең үлкен өсім энергетика, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында тіркелді. Қаражаттың негізгі көлемі жылжымайтын мүлік, көлік және тау-кен саласына құйылған. Өңірлер арасында Астана қаласы, Түркістан облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуде көш бастап тұр. Ал Қарағанды, Атырау, Ұлытау, Абай, тағы басқа да облыстар белгіленген межеден артта қалып отыр.
2025 жылғы қазандағы жағдай бойынша Бірыңғай ұлттық пулдың шеңберінде елімізде 185 инвестициялық жоба жүзеге асырылған, жыл соңына дейін тағы 268-ін (2024 жылы – 230 инвестициялық жоба) іске қосу жоспарлануда. Жалпы тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі $10,1 миллиардты құрады.
Өңдеу өнеркәсібі, қаржы секторы, көлік, байланыс және энергетика салаларына қаражат белсенді тартылуда. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстары, сондайақ Астана қаласы ТШИ бойынша мақсатты көрсеткішке қол жеткізуде көш бастаса, оның қатарында Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бар. Премьер-министр НКИ тарту жөніндегі жылдық жоспар 52,7 пайызға орындалғанын, ал ТШИ бойынша бұл жартысынан аз екенін атап өтті. Олжас Бектенов қарқынның бәсеңдеуі көбінесе мемлекеттік органдар тарапынан жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін кешіктіру, басы артық бюрократиялық рәсімдер түріндегі кемшіліктермен байланысты екенін баса айтты. Атырау облысында негізгі капиталға инвестициялар жөніндегі жоспардың орындалуы 42,8 пайызды құрады. Ұлытау облысында ірі компанияларға тәуелділік сақталуда – НКИ бойынша 61,5 пайызды құрап отыр. Онда орта кәсіпорындармен жұмысты күшейту тапсырылды. Абай облысында көрсеткіш НКИ бойынша 70,4 пайыз және ТШИ бойынша – 26,2 пайыз. Жабдықтарды жеткізіп берудегі кешіктірілуге байланысты мыс балқыту зауыты, күнбағыс майын тазарту цехы сияқты бірқатар өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда түйткілді мәселелер туындауда.
«Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту мәселелерімен күн сайын тікелей айналысуы тиіс. Бұл ең маңызды мәселе. Инвестиция болмаса, экономикада ешқандай даму болмайды. Артта қалған өңірлердің әкімдеріне инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиын барысында инвесторларды сүйемелдеу жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары да қаралды. Ірі инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу үшін инфрақұрылым салу мәселелеріне көңіл бөлінді. Сондай-ақ инвесторлар құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Инвестициялық штаб пен ҚР Бас прокуратурасының бірлескен жұмысы аясында жергілікті жерлерде әкімшілік кедергілер жедел жойылуда. Тізілімге енгізілген инвесторларға қатысты «прокурорлық сүзгіні» енгізу 380 заңсыз тексеру мен 450 әкімшілік өндірістің және екі 200-ге жуық шектеу шарасының жолын кесуге мүмкіндік берді. Ел экономикасына қосқан үлесі шамамен 19 триллион теңгені құрайтын 1800 инвесторға көмек көрсетілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьерминистр мемлекеттік органдар басшылары мен әкімдерге инвестиция тарту, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауды күшейтуді тапсырды.
primeminister.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




