Діни басқарманың мұндағы мақсаты – түрлі ортада деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыра отырып, заңға бағыну, зайырлылық, толеранттылық, сындарлы диалог, өз халқына және еліне қызмет ету, адамгершілік, бірлік, өз мәдениеті мен тарихын құрметтеу, еңбексүйгіштік, сыни ойлау, білімге құштарлық, деструктивті діни, террористік және діниэкстремистік әрекеттерге қатысудың зияндылығы мен заңсыздығына сенімділік, отбасылық құндылықтарды жеткізу сынды қасиеттердің орнығуына ықпал ету.
Дін тұрғысындағы сауаттылықты арттыруға арналған жиындар қазіргі кезде облысымыздың орталығы мен барлық ауданда өткізілуде. Іс-шараларға негізінен мемлекеттік, құқық қорғау және әскери органдардың қызметкерлері, еңбек ұжымдары, жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, діндар азаматтар мен мешіт жамағаты, түрлі этнос өкілдері, спортшылар, ауыл және шалғай елді мекен тұрғындары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен сауда қызметкерлері, жұмыссыз азаматтар мен халықтың маргиналды бөлігі, бақылау қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар, сотталғандар және басқа да арнайы нысаналы топтар тартылды.
Ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу үшін дін саласындағы сарапшылар пулы құрамының ішінен алты қызметкер тыңдаушыларға дәріс оқыды. Олардың қатарында Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия ғылымдарының PhD докторы Бауыржан Сайфунов, дін саласындағы республикалық ақпараттықтүсіндіру тобының мүшесі, Ясауитану ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор Бауыржан Ботақараев, қаламыздағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базарбай Дүйсенбаев, дінтанушы, РАТТ мүшесі, Түркістан облысы бойынша «Ақниет» оңалту орталығының теолог-кеңесшісі Икрам Айтаев, РАТТ мүшесі, Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» оңалту орталығының теолог-кеңесшісі Исмайл Абулхайров және Түркістан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, дінтанушы-теолог, РАТТ мүшесі Жалғас Жорабек бар. Дәріскерлер діни тұрғыдан аймақтағы ағайынға айқын ақпараттар берді.
Қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басты назарда ұстау аса маңызды. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы өңір тұрғындарын ұдайы ақпараттандыру қажет.
Шолпан АЛДАБЕРГЕНОВА
«Кимберли-Тараз» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




