Кездесуде Тараз қаласының Мансап орталығының жұмыс берушілерді қолдау секторының маманы Бекғали Құрбанбаев пен «Бағыт-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автомектебі директорының оқу бөлімі бойынша орынбасары Қанатбек Усеров қатысып, жұмысшы мамандықтарының мәртебесі мен жұмысқа орналасудағы мемлекеттік қолдаулар туралы кеңінен мәлімет берді. Тараз қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Сейтмахан Қошмағамбетов студент жастарға өзінің еңбек жолы мен өмірінен сыр шертті. ؘ
– Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жастар, абыройға бөленіп, биікке көтерілуді көздесеңіздер, оған білімнің, адал еңбектің арқасында ғана қол жеткізетінін ұмытпаңыздар, – деп жастарға ағалық ақылын айтып, мейірімділікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, ұлтжандылыққа шақырды. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың нақты жауаптарымен болашақтарына бағыт алды.
Мұндай кездесулер жастарға мамандықты дұрыс таңдап, өз жолын адаспай табуда үлкен көмек болмақ.
Гүлнара БАЙБОСЫНОВА
Еңбек мобильдігі орталығының маманы.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




