Сол дәстүрдің жалғасы ретінде ұйымдастырылған биылғы байқауға үш ай ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен 72 шығарма келіп түскен. Бұл детектив жанрына қызығушылықтың жоғары екенін және қазақ оқырманының шытырман оқиғалы туындыларға деген сұранысы артқанын көрсетеді.
Байқаудың басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кенже қалған жанрды жандандыру және әдебиет арқылы әділдік пен заңның салтанатын дәріптеу. Достық үйінде өткен шараның мәні де ерекше. Себебі облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен биыл өңірде «Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты жоба қолға алынған болатын.
Іс-шараға еліміздің ә р өңірінен зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер қатысты. Олардың қатарында адвокат Бауыржан Ахметов, ардагер, полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов, жазушыжурналист Нұрлыбек Саматұлы, «Хабар» агенттігінің басқарушы директоры Серік Әбікенұлы, медиаменеджер Ғалымжан Елшібай және басқа да танымал тұлғалар бар.
Жиынды «Заң медиа» корпорациясының директоры, белгілі журналист Досымбек Өтеғалиев жүргізді. Ал қазылар алқасына Парламент Сенатының депутаты, танымал журналист Нұртөре Жүсіп төрағалық етті. Сондай-ақ Серік Әбікенұлы, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы және журналист Оралхан Дәуіт туындыларды сараптап, үздіктерді анықтады. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов өз сөзінде Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі орны мен тағылымдық мұрасына кеңінен тоқталды.
– Кемел Тоқаев қазақ әдебиетінде жаңа бағыттың іргетасын қалап, детектив жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның шығармалары жас ұрпаққа әділдік, еңбекқорлық пен отансүйгіштік қасиеттерді дарытады. Байқау жыл сайын кеңейіп, жаңа есімдерді танытуда. Бұл үрдіс жалғасын таба беретініне сенімдімін, – деді Серік Жақсылықұлы.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені «Мылқау түн» шығармасымен Гүлден Жылгелдиева (Алматы облысы) жеңіп алды. Бірінші орын «Қиыс жол» туындысының авторы Айзада Кенжемолдаеваға (Алматы қаласы) бұйырды. Сондай-ақ екінші және үшінші орын иегерлері арнайы сертификаттар мен сыйақыларға ие болды. Жамбыл облыстық соты биыл да дәстүрді жалғастырып, үздік шығармалар авторларына арнайы жүлделер табыстады.
Кеш соңында жеңімпаздарға гүл шоқтары ұсынылып, қатысушылар естелік суретке түсті.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




