Ауданда бөлшек сауда айналымының жылдық жоспары 33,8 миллиард теңге болса, нақты индекс көлемі 119,2 пайызды құрады. 9 айдың жоспары 24,9 миллиард теңге. Ауданда бөлшек сауда тауар айналымының көрсеткіштері «Minaret-AAA», «А-CASH», «Жамбылский хлебопродукт», «SSULEIMAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестері есептерінен орындалады.
Қазіргі таңда аталған компаниялардың сауда қызметі біршама төмендеген. Бүгінде компания басшылықтарымен кездесу өткізіліп, «Minaret-AAA» жауапкершілігі шектеулі сертестігінің басшысы жаңа сауда нүктесін ашуына орай, сауда қызметінің көлемі ұлғаятындығын ескертті. Сонымен қатар аудан аумағында іске асырылған жаңа сауда орындарының сауда есептілігі уақытылы өткізілуі тұрақты бақылауға алынып, жылдық межеге қол жеткізу көзделуде.
Өнеркәсіп – өрде, кәсіпкерлік – төрде
Ел экономикасының дамуы, бәсекеге қабілетті елдер қатарында орын алуы ең алдымен елдің өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласының қарқынды жұмысына тікелей байланысты. Бұл ретте ауданда нақты жұмыстар бар. Аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жеңіс Нұрғалиевтың да айтары бар.
– Азық-түлік бағасын тұрақтандыру қарапайым халық үшін маңызды. Бүгінде өңірде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және халықты қажетті көлемде қамтамасыз ету мақсатында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағада беру туралы өтінім жолданған болатын. Атап айтқанда, қарақұмық жармасы 1,5, сәбіз 1,5, картоп 10, күріш 4, қырыққабат 1, жұмыртқа – 150 мың дана, күнбағыс сұйық майы – 4,5 тонна/литр беру жолданып, ол аудандағы «Оптовка» және «Елнұр» азық-түлік дүкендерінің иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орналастыру үшін дүкен ішінен сөре бөліп беру туралы келіссөз жүргізілгені және екі кәсіпкер туралы мәлімет «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жолданған. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аталған өтінім мен мәліметтерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиcсиясының қарауына жіберілетіні туралы хабарлады. Бұдан бөлек, азық-түлік тауарларының бағасын нарықтан төменгі бағада сату үшін ауданда әр аптаның сенбі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде халық сапалы және қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Біріншіден аудан тұрғындары негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өсімін байқаған жағдайда, облыстың сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің атына өтініш бере алатындығын жеткізгім келеді. Біз бұл туралы жұмыс кестемізге сәйкес аудан тұрғындарына хабарлап келеміз және аптасына екі рет ауданда орналасқан сауда үйлері мен дүкендердің басшылықтарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын себепсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Жоғарыда атап өткенімдей, тұрғындарға жүргізілген түсіндіру жұмысының нәтижесі бойынша өткен жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шекті сауда үстемесінің мөлшерінен асырып сатып жатқандығы жайлы облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұрғындардан сегіз арыз түсіп, үш дүкен иесіне бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, бес дүкен иесіне ескерту берілген болатын. Бүгінгі таңда аудан аумағында 11 наубайхана тұрақты жұмыс істеуде, оларда барлығы 35 адам жұмыспен қамтылған. Аталған наубайханалар күн сайын аудан көлемінде 7230 дана нан өнімдерін өндіреді. Қазіргі уақытта аудан аумағындағы 150 сауда нүктесінде «Валиш» және «Рамазан» наубайханалары өндірген нан өнімдері бөлшек саудада 120-130 теңге аралығында сатылуда, – дейді ол.
Наубайхана иелерінің мәліметінен білгеніміздей, бір бөлке нанның өзіндік құны 135 теңгені құрайды. Осыған байланысты наубайхана иелері нан бағасын 140-150 теңге аралығында көтеру туралы ұсыныс жасаған. Бағаның көтерілу себептері ретінде ұн бағасының өсуі, жұмысшылардың еңбекақысын арттыру қажеттілігі, тасымалдау қызметі құнының көтерілуі, сондайақ жыл басынан бері коммуналдық тарифтердің өсуі атап өтілді. Осы жағдайға байланысты аудан әкімдігі тарапынан нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, «Валиш» және «Рамазан» наубайханаларының иелерімен келіссөздер жүргізіліпті.
Нәтижесінде, екі наубайхана иесімен бір бөлке нанды 135 теңгеден өткізіп, дүкендерде бөлшек саудада 140 теңгеден сату жөнінде келісімге қол жеткізілген. Әкімшіліктің қол қусырып қарап отырмай, бағаны 5-10 теңгеге түсіріп, тұрғындардың пайдасына жұмыс істегені де көңіл көншітеді. Ал аудан өндірісінде «Jibek joly» (ХимПарк) арнайы экономикалық аймағы өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып отырған ірі жобаға айналып отыр.
Мұндағы басты мақсат – шетелдік және отандық инвесторларды тартып, жоғары технологиялы бәсекеге қабілетті өнім шығару сондай-ақ экспорт пен импортты алмастыратын өндірістерді дамыту. Басым бағыттарына химия өнімдерін, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі, химиялық өндіріс үшін машиналар мен жабдықтарды, химиялық өнімдерді, резеңке және пластмасса бұйымдарын, сондай-ақ басқа да металл емес минералды өнімдерді өндіру жатады. Бұл ауқымды аймақта көптеген ірі жобалар іске асуда.
Атап айтқанда, «Хим-ПЛЮС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – гербицид өндіретін зауыт. Жалпы жер көлемі 30,77 гектарды құрайды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 3 миллиард литр сұйық және 1000 тонна қатты гербицит өндіру, ал өндірісте 24 жұмыс орны ашылған. Жобаның құны – 26,3 миллиард теңге. «Chemical Engineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – аммоний бифторидін өндірумен айналысады. Өндіріс аумағы 4 гектар. Жылдық қуаттылығы – 200 мың тонна, мұнда 15 қызметкер жұмыс істейді. Жобаның құны – 226 миллион теңге. «C9 Technologies» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кассалық чек қағазын шығаратын зауыт. 4 гектар аумақта орналасқан бұл кәсіпорынның қуаттылығы жылына 240 мың тонна. Қазіргі уақытта 15 адам жұмыс істейді. Жобаның құны – 59,5 миллион теңге. «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – сутегі асқын тотығын өндіретін зауыт. 16 гектар жерде бой көтеріп жатқан кәсіпорын жылына 30 000 тонна өнім шығара алады. Құрылыс аяқталған соң 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жобаның жалпы құны – 32 миллиард теңге. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүруде. «J-Victor New Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кремний өндіретін ірі жоба. 50 гектар аумақта салынып жатқан зауыт толық іске қосылғанда 150 адамға жұмыс береді. Жылдық қуаттылығы – 150 000 тонна. Бұл жобаның да құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «ЭкоБайшешек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – өндірістік ғимараттар салумен айналысады. Аумағы – 6 гектар. Мұнда 30 жұмыс орны ашылады. Жобаның құны – 2,3 миллиард теңге. Сонымен қатар құрылғыларды шығаратын зауыт көлемі 24 гектар аумақта орналасады. Құрылыс аяқталған соң 88 адам еңбек етеді. Жобаның жалпы құны – 8,4 милиард теңге. Қазір құрылыс жүргізілуде.
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы іске қосылғалы бері өңірде жүздеген жаңа жұмыс орны ашылды, ал алдағы жылдары бұл көрсеткіш одан да артады. Жобалардың барлығы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып жатыр, бұл облыстың инвестициялық тартымдылығының айқын дәлелі. Мұндағы өндірістер тек химия саласымен шектелмейді – жел энергиясы, құрылыс материалдары, электрондық өнімдер сияқты бағыттар да қамтылған.
Бұл аймақты нағыз көпсалалы индустриялық орталыққа айналдыруда. Қазіргі таңда тағы бір жоба іске асуда. Яғни, Орталық Азияда теңдесі жоқ, жүгеріні қалдықсыз терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. Құны 420 миллиард теңгені құрайтын бұл өндіріс ошағы жылына шамамен 3 миллион тонна жүгері өңдеуге қауқарлы.
Сапалы жол қуаныш сыйлайды
Биыл аудан аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы жөнделетін ұзындығы – 90,3 шақырым қашықтықты құрайды. Жол жөндеу жұмыстарына 2,3 миллиард теңге қаражат бөлінген. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 1,9 миллиард теңге, жергілікті аудандық бюджеттен 468 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында аудан аумағынан 64 көшенің жолы орташа жол жөндеуден өтеді деп көзделген. Қазіргі таңда бұл жоспардың 60 пайызы орындалып отыр. Жөнделетін жол ұзындығы – 62,78 шақырым. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 1,7 миллиард теңге, аудандық бюджеттен176,8 миллион теңге бөлініп, игерілуде. Мемлекеттік сатып алу порталына бүгінгі күнге 24 жоба жарияланыпты. Нәтижесінде анықталған жобалар саны да – 24.
Атап айтқанда, Ақсу ауылдық округінен 1, Ақтөбе ауылдық округінен 1, Бірлік ауылдық округінен 3, Жаңақоғам ауылдық округінен 4, Ескі Шу ауылдық округіде 1, Дулат ауылдық округінен 1, Төле би ауылдық округінен 4, Шоқпар ауылдық округінен 1, Қонаев ауылдық округінен 4, Бірлікүстем ауылдық округінен 2, Балуан Шолақ ауылдық округінен 2 жоба жүзеге аспақшы. Ауылдық округтерде 49 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр.
Бұл ретте жөнделетін жол ұзындығы 27,52 шақырым. Бөлінген қаражат көлемі 492,2 миллион теңге. Оның ішінде облыстық бюджеттен 201 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 291,2 миллион теңге қаралған. Мемлекеттік сатып алу порталына бүгінгі күнге 34 жоба жарияланып, нәтижесі 34 жоба анықталған. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Атап айтар болсақ, Жаңақоғам ауылдық округі бойынша 4 жоба жүзеге асып, 18 көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Төле би ауылы бойынша 5 жоба жасалып, 10 көшеге асфальт төсеу жұмысы сәтті жүзеге асқан. Ақтөбе ауылы бойынша 1 жоба көзделіп, 4 көшеге асфальт төселгеніне тұрғындар өте риза. Шу қаласы бойынша 1 жоба жасалып, 3 көшеге асфальт төселген. Қонаев ауылы бойынша 1 жоба аясында 1 көше асфальтталып отыр. Бірлік ауылы бойынша 1 жоба аясында 8 тұйық көшеге, Ақтөбе ауылы бойынша 1 жоба аясында 4 көшеге асфальт жасалып, қызығын ауыл тұрғындары көріп отыр. Оразалы ауылы 1 жоба аясында 1 көшеге және Ақсу ауылы 3 көшеге асфальт төселгені – қуаныш. Шоқпар ауылы 1 жоба аясында 2 көшеге асфальт төселіп, Таусамалы, Бөлтірік шешен көшелеріне асфальт күтілуде. Ал Шу қаласы бойынша 9 жоба аясында 17 көшеге асфальт төселіп, 26 көшеге қиыршық тас төгілген. Асфальттың жасалуы күтілуде. Қиыршықтас төсеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.
Бірлік ауылдық округі бойынша 1 жоба ааясында айналма жол жасалып, 1 көшеге қиыршық тас төселген. Дулат ауылдық округі бойынша 2 жоба жасалып, 5 көшеге қиыршық тастың игілігін көруде. Ақсу ауылдық округіне қарасты Оразалы Батыр ауылында 1 жоба аясында 4 көшеге қиыршық тас төселіп, асфальт күтілуде.
Ескі Шу ауылдық округі бойынша 1 жоба аясында қиыршық тас төсеу, Балуан Шолақ ауылдық округінде 2 жоба аясында тратуар салу, қиыршық тас төсеу, Шоқпар ауылдық округінде 1 жоба аясында 5 көшеге, Қонаев ауылында 2 жоба аясында 2 көшеге қиыршық тас төселінді. Жаяу жүргіншілер жолын салу (тратуар) да жүйелі жүргізілуде. Бұл ретте Қонаев ауылы бойынша 1 жоба аясында Абылайхан көшесі, Бірлік ауылы 1 жоба аясында Бейбітшілік көшесі, Белбасар ауылы Әзімбай көшесінде жұмыстар толығымен аяқталған. Осындай игілікті Балуан Шолақ ауылы Байболат көшесі тұрғындары да көріп отыр. Аудандағы осындай ауқымды жұмыстар көңіл қуантады.
– Аудан әкімі Бақытжан Жәнібековтың қолдауымен барлық салада нақты жұмыстар, іргелілеу бар. Аудан басшысы шалғай елді мекендерді де назардан тыс қалдырмай, өзекті мәселелерін шешіп жатыр. Әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту бойынша да жақсы нәтижелер бар. Шу аймағындағы жемісті жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және әлеуметтік желі көздерін пайдаланып кеңінен жариялап отырмыз, – дейді аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Тұрар Мұханбетханұлы.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




