Қазіргі таңда медиация жүйесі құрылымдық әрі мазмұндық тұрғыдан жаңғырып жатыр. Осы бағытта уәкілетті орган ретінде Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік саясатты жүйелі іске асырып келеді. Ведомство медиатор ұйымдарының реестрін жүргізу, олардың қызметін үйлестіру, реестрді жаңарту және қоғамдық медиаторлардың жұмысын талдау бағытында кешенді шаралар қабылдайды. Бұл күнде республика аумағында 23 медиатор ұйымы тіркелген.
Жалпы, 2000-нан астам кәсіби медиатор еңбек етеді. Сонымен қатар өңірлерде 1800-ден астам қоғамдық медиатор халыққа құқықтық көмек көрсетеді. Мәселен, жыл басынан бері әлеуметтік осал топтарға 10 мыңнан астам тегін кеңес беріліпті. Сонымен қатар республика бойынша 98 медиация кабинеті жұмыс істейді. Оның базасында құқықтық көмек көрсету, шиеленістерді шешу және дағдарыс жағдайларынан шығуға қолдау білдіру мақсатында 900-ден астам қоғамдық қабылдау ұйымдастырылған.
Шын мәнінде, дауларды шешуде ұлттық дәстүр мен мәдени ерекшеліктерді ескеру – тиімді шешім қабылдаудың маңызды факторы болып отыр. Сондықтан елімізде этностар арасындағы өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайту тұрғысында этномедиация елеулі үлес қосып жатыр. Қоғамдық медиаторлардың басым бөлігі этномәдени бірлестіктермен тығыз жұмыс істеп, этносаралық шиеленістердің алдын алуға септігін тигізіп келеді.
: Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура Конституция жобасын талқылады
- 27 ақпан, 2026
Отбасы құндылығы – оңалтудың негізі
- 27 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




