Мерекедегі қуаныш: Мамай мен Сөгетіге таза ауыз су келді
- author «Ақ жол»
- 25 қазан, 2025
- 959
Олай деуге толықтай негіз бар. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген ауыз су мәселесі өз шешімін тауып, ауыл тұрғындары таза тіршілік нәріне қол жеткізді.
Жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық болатын қос жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып, құрылыс жұмыстарын «Темір Строй Сервис и Ко» және «Пырақ-Құрылыс» ЖШС-і атқарды.

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Ернар Есіркепов бұл жобалардың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасы мен 2025 жылдың соңына дейін елдімекендерді толық ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқанын атап өтті.
Бұған дейін тіршілік нәрін көше басынан тасып ішіп келген тұрғындар енді үйлерінен-ақ таза суды пайдалана алады.

Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жаңа игіліктің іске қосылғанына дән риза болып, ел игілігі үшін еңбек еткен азаматтарға ақ батасын берді.
Айта кету керек, соңғы үш жылда аудан аумағындағы ондаған елдімекен ауыз сумен қамтылса, жыл соңына дейін тағы үш нысан – Шөңгер, Құлан және Р. Сәбденов ауылдарындағы су имараттары іске қосылмақ.
Осылайша, Мемлекет басшысының тұрғындарды таза ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасы аудан аумағында толық орындалмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




