«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қораласбаев Тараз қаласында көрмесін өткізді

Қораласбаев Тараз қаласында көрмесін өткізді
Автор
25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану музейінің Көркемсурет галереясында ҚР Мәдениет саласының үздігі, мүсінші, карикатурашы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қали Қораласбаевтың «Киелі мекен» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Бұл көрме Шу ауданының 95 жылдығына және автордың 60 жас мерейтойына да арналып отыр.

Көрменің ашылуында облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай сөз сөйлеп, Қали Ерғазыұлының ерекше таланты мен ізденісіне кеңінен тоқталды.

Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков суретшінің жұмыстары қоғамға терең ой салатынын айтып өтсе, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Муратджон Рахимжанов әріпте сінің толайым табысы мен кейінгі жылдардағы жетістіктері туралы ой қозғады. Көрме бейнелеу өнер туындыларын кеңінен насихаттау, шығармашыл өнер адамдары арасында тәжірибе алмасу және қылқалам арқылы мәдени, рухани байланыстарды нығайту мақсаттарына негізделді.

«Былтыр осында жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жеке көрмемді өткізген едім. Ол кезде де жұмыстарым көпшілікке ұнады, ой салды деп білемін. Биыл да іріктелген, үздік еңбектеріммен келіп отырмын. Суретшінің ойы дамыл таппай, үнемі ізденісте болуы керек», – дейді Қали Ерғазыұлы.

Көрмеде суретшінің майлы бояумен, карикатуралық бейнелер және тарихи мүсіндердегі өзіндік дүние т анымы мол баға жетпес туындылары қойылды.

Іс-шарада суретшінің шығармашылық «QALI» атты каталогының лентасы салтанатты түрде кесілді. Көрме 31-қазанға дейін жалғасатын болады.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар