Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында бұқаралық спортты дамыту және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында «Ауыл» партиясы жанынан құрылған «Мүгедектердің құқығын қорғау жөніндегі комиссиясы» параволлейболдан турнир өткізді.
Партияның облыстық филиалының белсенділері ұйымдастырған турнирге «Асыл», Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Жамбыл жоғары медициналық колледжі және Қазіргі заман гуманитралық жоғары колледжінен жасақталған командалар қатысты.
Жарыс нәтижесінде «Асыл» әйелдер құрама командасы бірінші орынды иеленіп, 80 000 теңге жүлдені қанжығалады. «Тараз» командасы екінші орын (70 000 теңге), «Шерхан» командасы үшінші орын (60 000 теңге) тұғырынан көрінді.
Сондай-ақ басқа да командаларға ынталандыру мақсатында 20 000 теңге көлемінде жүлде белгіленіп, сертификаттар табыс етілді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




