218 жаңа кеңістік – жаңа сапа
Бүгінгі таңда облыс бойынша мемлекеттік кітапханалар жанынан 218 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылып, ха лық игілігіне берілген. Бұл орталықтардың 186-сы цифрландырылған ақпараттық орталық болса, 32-сі – коворкинг кеңістігі.
Аталған орталықтар өңірдің барлық ауданын қамти отырып, ауыл тұрғындарына күнделікті өмірінде қажет болатын мемлекеттік қызметтерге, білім мен шығармашылыққа бір қадам жақын болуға мүмкіндік береді. Оның ішінде, Байзақ – 24, Жамбыл – 19, Жуалы – 25, Қордай – 19, Меркі – 18, Мойынқұм – 11, Сарысу – 24, Талас – 20, Т.Рысқұлов – 16, Шу – 20 және Тараз қаласы – 22. Айта кету керек, бұл деректердің өзі облыс көлемінде цифрлық ақпаратқа деген сұраныстың артқанын көрсетеді.
Ақпараттық орталықтар – халық пен мемлекетті жалғаушы көпір
Цифрландырылған ақпараттық орталықтарда egov. kz порталы арқылы 25 түрлі мемлекеттік қызмет тұрғындар үшін қолжетімді болып отыр. Бұл әсіре с е шалғай ауыл тұрғындары үшін үлкен жеңілдік. Орталықтарда электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу, зейнетақы қоры бойынша анықтама, жылжымайтын мүлік, соттылық туралы, медициналық мекемелерден (нарко-,психо-, тубдиспансер) анықтамалар, балабақша кезегіне қою, салық және несие бойынша мәліметтер, жеке мүліктің бар неме се жоқтығы туралы анықтама және басқа да қызмет түрлері көрсетіледі.
Осы жылдың тоғыз айының қорытындысымен орталықтар арқылы 35 мың 198 анықтама берілген. Олар, зейнетақы қоры бойынша – 2 мың 660, соттылық туралы – 3 мың 834, жылжымайтын мүлік туралы – 910, психдиспансерлік анықтама – 2 мың 947, наркодиспансерлік анықтама – 3 мың 113. Ал жалпы ашылған күннен бастап бүгінге дейін 337 мың 620-дан астам қызмет көрсетілген. Бұл – ауыл тұрғындарының заманауи қызметке деген сұранысының жоғары екенін білдіреді.
Коворкинг және шығармашылық алаңдар – жаңа буынның мекені
Цифрлық орталықтармен қатар, 29 коворкинг кеңістігі, бір бродкастинг залы, бір релакс-аймақ, бір білім алаңы да ашылып, жастармен шығармашылықпен айналысатын тұлғаларға арналған еркін кеңістік ретінде қызмет атқарып жатыр.
Мұнда, түрлі бағыттағы үйірмелер, іскерлік кездесулер, онлайн конференциялар, кітап клубтары және TEDx форматындағы пікірталас алаңдары ұйымдастырылуда. Коворкинг орталықтары – ауыл жастарына қалалық деңгейдегі мүмкіндіктерге теңе судің таптырмас құралына айналып келеді.
Ауыл кітапханашылары – цифрлық дәуірдің көшбасшылары
Ақпараттық орталықтардың қызметін кеңінен насихаттау мақсатында 2024 жылы 668, ал осы жылдың тоғыз айында 528 түсіндіру жұмысы жүргізілген. Кітапханашылар арнайы парақшалар таратып, әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді.
Кітапхана тек кітап оқитын орын емес, енді ол – ақпаратпен, біліммен, цифрмен жұмыс жасайтын мекеме.
«Aulieata Library» – әр оқырманның қалтадағы кітапханасы
Биылдан бастап іске қосылған «Aulieata Library» мобильді қосымшасы – өңірдің әдеби байлығын кең аудиторияға ұсынатын цифрлық жоба. Қосымша арқылы жергілікті 70 автордың 161 кітабының электронды нұсқасы оқуға ұсынылған.
Оқырман қосымшаны жүктеп, кітапты бір тетікті басумен оқи алады. Қосымшада, «Кітапты оқу», «Менің кітапханам», «Кіру», «Тіл таңдау», «Көрсету режимі» және «Бөлісу» сияқты функциялар енгізілген.
Бұл – жергілікті авторларды танымал етуге, жастарды отандық әдебиетке тартуға арналған заманауи бастама.
Электронды дерекқор – өлке шежіресін сақтаудың алтын арнасы
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2017 жылдан бері жүйелі түрде өңірлік электронды дерекқорларды қалыптастырып келеді. Атап айтқанда, «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» жобасы аясында 1 мың 980 электронды материал цифрландырылған. Жобаның мақсаты – өңір тарихы мен тұлғаларын ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар» жобасымен 22 мың 017 дана мерзімді басылым цифрландырылған.
Одан бөлек 1 мың 496 данасы Қазақстандық Ұлттық Электрондық Кітапхана (КазНЭБ) базасына енгізілген. Ал «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрлау» жобасы бойынша 363 құнды кітап цифрландырылған. Жергілікті 84 автормен келісімшарт жасалып, 195 кітап цифрландырылып, кітапхана сайтына орналастырылған. Уақыт талабына сай жаңғырған кітапхана – ауыл мен қаланың ара жігін жалғайтын алтын көпірге айналды.
Ақпараттық орталықтар мен коворкинг кеңістіктері – азаматтардың білімін жетілдіріп, цифрлық сауаттылығын арттырып, мемлекет пен халық арасындағы байланыс тетігі болуда. Облыстық кітапханалар жүйесі – тек мәдениет ошақтары ғана емес, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық даму, ұлттық мұраны сақтау мен тарату жолында жұмыс істеп жатқан рухани тіректердің бірі.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




