«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Экологтар мен инженерлер ерекше жандармен кездесті

Экологтар мен инженерлер ерекше жандармен кездесті
Автор
«KENES TIME» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ КӨЗІ КӨРМЕЙТІН ЖӘНЕ ӘЛСІЗ КӨРЕТІН АЗАМАТТАР КІТАПХАНАСЫ ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ҮНЕМІ ОРЫНДАП ОТЫРАДЫ. КІТАПХАНАДА ЖАЗУШЫ, АҚЫН, ҚАЙРАТКЕР, ҒАЛЫМДАРМЕН ДЕ КЕЗДЕСУЛЕР ЖИІ ӨТКІЗІЛІП ТҰРАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР ӨЗГЕ ДА САЛАНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ ОҚЫРМАНДАРҒА ҰНАЙДЫ.

Осындай әсерлі кездесу Тараз қалалық электр жүйесінің аумақ инспекторы Болатбек Тілекеев пен «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан өндірістік техникалық бөлімінің инженер экологы Венера Кариммен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қонақтар зағип азаматтардың күнделікті тұрмыстық жағдайындағы ауыз су құрамының тазалығын талқылап, «Жамбыл су» МКК өндірістік техникалық бөлімінің инженер экологтары мекеменің лабораториясымен күнде қаланың белгіленген нүктелерінен ауыз судан сынама алынып тұратынын, құрамы стандартқа сай екендігін қызықты әңгімеледі.

Судың тарифы бойынша зағип жандарға жеңілдік қарастырылмағанымен, тұрғындарға жаппай қолдаулар бар екені айтылды. Қонақтар өздерінің мамандықтары туралы, жұмысқа алғаш қалай қабылданғандары жайлы қызықты әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар Тараз қалалық электр жүйесі маманына жарық тарифы туралы сұрақтар қойылып, оған қанағаттанарлық жауаптар алынды. Кездесу соңында зағип оқырмандар келген қонақтарға алғыстарын білдіре отырып, келесі кездесуге қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандарымен қатысса деген ұсыныстарын да жеткізді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар