Азық-түлік бағасы қазір басты мәселеге айналып отыр. Алдыңғы жылы ұс ақ-түйек азық-түлік т ауарлары түрлерінен бөлек, қанттың тапшылығы және пияз бен картоптың жөн-жо сықсыз қымбаттауы, оның бағасындағы ала-құлалық ел тұрғындарының арасында түсініспеушілік пен дау тудырғаны белгілі. Сондықтан азықтүлік бағасына тұрақты бақылау жасап отыру, әсіресе тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыру – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті болуға тиіс. Сонда ғана бағаның тұрақтылығын сақтауға болады. Осындай мәселелерді ескерген кәсіпкер Әшіркүл Наурызқұлова «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы қомақты не сие алып, әлеуметтік дүкенді ашуға қол жеткізді.
Айта кетсек, жеке кәсіпкер жоғарыда аталған корпорациядан төмен пайызбен алған несие қаражатына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан – картоп, пияз, сәбіз, бірінші сұрыпты бидай ұны және макарон өнімдері, өсімдік майы, күріш, қарақұмық дәндері, сондайақ қанттың бірнеше тоннасын сатып алып, аудан тұрғындарына қолжетімді бағада саудалап, азық-түлік бағасының тұрақтылығына елеулі әсер етіп отыр.
Ауданда азық-түлік бағасын тұрақты ұстауды басты мақсат тұтқан жеке кәсіпкерлік иелері биыл «Наурызқұлова» жеке кәсіпкерлігі және иеліктегі «Шынтас» шаруа қожалығының басын біріктіру арқылы «ТікАсуНан» аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, қазір табысты жұмыс атқаруда.
Нан өнімдерін дайындау ісін бұрынырақта қолға алып, мол тәжірибе жинаған жеке кәсіпкерлік биыл шағын кәсіпті кеңейтуге бел байлап, қомақты қаражатқа нан және кондитер өнімдерін шығаратын заманауи жаңа қондырғылар сатып алып, оны көп ұзамай іске қосты. Осы тұста қолға алған кәсіпкерлік істі алға жылжытуда «Ауыл аманаты» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті дамыту» деп аталатын бесінші бағытымен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамынан жылдық пайыздық мөлшерлемесі небәрі 2,5 пайызды құрайтын 25 миллион теңге көлемінде несие қаражатын алып, оған тиісті қондырғылар сатып алғанын айтқан жөн.
– Жалпы 25 миллион теңге несие қаражатына барлығы 18 құралжабдықтан тұратын Қытайда жасалған заманауи қондырғыны сатып алып, қазір нан өнімдерінің көлемін екі-үш есеге арттыруға қол жеткіздік. Құрал-жабдықтардан нан пісіруге арналған сөрелер, 1 дана араластырғыш, қамыр илейтін құралдар секілді қажетті заттар алынды. Бұл қондырғының көмегімен бір мезгілде 220 дана бөлке нан пісіруге мүмкіндік бар. Алғашқыда Б.Момышұлы ауылындағы орталық базар аймағынан әлеуметтік дүкеннің жұмысын жүргізіп, онымен бірге, осында нан пісіру ісін де бірге алып жүрдік. Содан биыл кәсіпті кеңейтуді ойлап, нан өнімдерін пісіретін жаңа қондырғы пештер сатып алып, жұмысты жаңаша бағытта жүргізудеміз. Кәсіпкерлік ісіне қаржылай көмек-қолдау көрсеткен «Ауыл аманаты» бағдарламасына және тиісті қаржылық институттарға алғыс білдіремін. Сәтін салса, қолға алған істі ары қарай жалғастыра береміз. Оған әлеуетіміз толық жетеді, – дейді «Tik Асу Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушысы, іскер азамат Нарқозы Наурызқұлов.
Айтса айтқандай, орталық базар аймағынан ашылған нан өндіру цехында өндірілген нан өнімдері аудан орталығындағы дүкендерге, онымен қоса аудан орталығына жақын орналасқан Ақбаст ау, Көлбастау ауылдарына жөнелтілуде. Орта есеппен алғанда, тәулігіне 700 дана бөлке нан өндіріліп, жергілікті нарыққа жол тартады.
Тұрақты нан алатын дүкендер де бар. Көтерме бағасы да қолжетімді. Нан цехында бөлке нанмен қатар, қаттама нан, тәтті торттар, пирог және кондитер өнімдерінің бірнеше түрі шығарылады.Жұмысшы күші де жеткілікті. Цехта жұмыс атқаратындардың көбісі аудан орталығының тұрғындары.
Мұнда төрт жұмысшы маман тұрақты еңбек етсе, аудандық Мансап орталығы филиалы арқылы алынған бірнеше жұмысшы істі ілгерілетуге сеп болып отыр. Оларға мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін негізгі айлық жалақыдан бөлек, серіктестіктен 75-80 мың теңгенің көлемінде үстеме жалақы төленеді. Осы тұста серіктестіктің нан пісіру цехында мамандардан – Валентина Загляда, Мадина Анашева және Ирана Исмайлова тұрақты еңбек етіп, нан және кондитер өнімдерінің сапалы түрде шығарылуына аянбай жұмыс атқаруда.
Өңірдің кәсіпкерлік саласында өзіндік орны бар «ТікАсуНан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік басқарушысы Нарқозы Наурызқұлов биыл орталық базар маңынан («Дәмді себет», «Корзина») супермаркетінің қарсы бетінен жаңадан сауда орнының құрылысын жүргізіп, нәтижесінде алты орынды кәсіп ашуға ниетті жеке кәсіпкерлерге қолжетімді бағамен жалға бергенін айтады.
Еңбек еткеннің еңсесі биік
Еңбектің көзін тауып жұмыс істеу арқылы мол несібеге кенеліп отырған Нұрлыкент ауылы тұрғындарының бірі – еңбекқор азамат Азат Естілеуов. Ол біраз жылдан бері шаруашылық ісінің қыр-сырын жетік меңгеріп, ауыл жанындағы шағын егістік алқапқа қырыққабаттың бірнеше түрін, онымен бірге сәбіз тұқымын егіп диқаншылықпен айналысып келеді.
Еңбек еткен адамның дені сау, көңілі де тоқ. Әрине, әрбір адамның не сібе сіне қарай мол олжаға кенелетінін жақсы білеміз. Осындай қағиданы алға ұстайтын еңбекқор диқан Азат Естілеуов әр жыл сайын көктем шыққаннан бастап ала жаздай бел жазбай еңбек етіп, еккен егінін күтіп-баптап, оған уақытында минералды тыңайтқыштар беріп, топырағын қопсытып, дақылды түрлі зиянкестерден тазартып отырады. Олай болмаған жағдайда алқаптан ойдағыдай өнім алу да мүмкін емес. Сонда ғана еткен еңбектің наны тәтті әрі берекелі болады дегенді айтады тәжірибелі диқан.
Биыл да өнім көлемі ойдағыдай болып, ауыл диқандары бұйырған нәсібін теріп алды. Нұрлыкент ауылындағы бау-бақша өсірумен тұрақты айналысатын тағы еңбекқор жанның бірі – Нұрбибі Сағатова. Ол зейнет жасында болса да жастайынан еңбекке етене араласып үйде қарап отыруға болмайтынын алға ұстап, өзінің жақсы көріп атқаратын сүйікті ісі шағын бау-бақша егумен айналысып келеді.
Нақтырақ айтқанда, бақша өсірудің қыр-сырын бес саусағындай білетін еңбекқор жан жүзім өсіруді қолға алған. Ең қызығы, ол жазы қоңыр салқын болып келетін Нұрлыкент ауылында жүзім егіп, одан күз айларында мол өнім алды. Жүзім табиғаттың ең керемет сыйлығының бірі. Оның жемісі көптеген пайдалы дәрумендерге толы екені белгілі. Жемістің бұл түрі адам ағзасына да өте пайдалы. Зейнеткер ананың бау-бақшасымен кеңінен танысып, шаруашылық туралы қызықты мәліметтерге қанығып, бағбанның жинаған жүзімінен дәм таттық.
– Жүзім ағашын өсірудің машақаты көп. Қажырлы еңбекті талап ететін үлкен жұмыс. Жүзімдікті отырғызудың үздік кезеңі қыркүйек айынан басталады. Көшіру үшін, қысқы суықтың басталуына дейін тамыр мен қатайтуға уақыт кетеді. Алғашқы аяздан кейін көшеттер шыңдалады, бұл келе жатқан аяздан аман қалады. Көктемнің басталуымен күзде отырғызылған жүзім өсіп, дами бастайды. Тамыр жүйесі жақсы дамыған және үш-төрт тамыры бар, диаметрі 8 милиметр, ұзындығы 40- 50 сантиметр болатын, зиянкестерден зақымданбағанына көз жеткізіп барып жүзім ағашын отырғызу керек, – дейді зейнеткер бағбан Нұрбибі Сағатова.
Бағбандық ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ауыл шаруашылығы саласындағы пайдалы кәсіптердің бірі екені белгілі. Жылдың қай мезгілінде болсын, оның ішінде, күннің суығы мен жаздағы ми қайнатар аптап ыстықта да шаршамай, алқап басынан табылып, адал жұмыс жасап жүрген диқандардың ерен еңбегі қай кезде де жоғары сый-құрметке лайық.
Жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде
Бүгінгі таңда аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 561,2 шақырымды құрайды. Оның 58,1 шақырымы – республикалық маңызы бар автомобиль жолы. Ал облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 132 шақырымды құраса, оның бүгінгі таңдағы қанағаттанарлық жағдайы 93 пайызды құрап отыр. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 108,12 шақырым. Бұл жолдың да қанағаттанарлық жағдайы облыстық мәндегі жолға тең. Ал ауылішілік автомобиль жолдарының ұзындығы 263 шақырым болса, оның қанағаттанарлық жағдайы 68 пайыз болып отыр.
Ауданның автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты мәліметтерді алға тартсақ, өңірде өткен жылы мемлекет қазынасынан жалпы 1,1 миллиард теңге қаралып, бұған 40 жобаның аясында барлығы – 44,66 шақырым автомобиль жолының орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 755 мың теңгеге барлығы – 28 жобамен 28,38 шақырым автомобиль жолына орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілгені белгілі. 2025 жылға жалпы ел қазынасынан 2,77 миллиард теңгеге 15 жобаның аясында барлығы – 42 шақырымды құрайтын автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу жоспарланып, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды назардан тыс қалдырмауды тапсырғаны белгілі. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, оған қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткені белгілі.
Жол – экономиканың күретамыры. Бұл бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар мен жобалар баршылық. Соның бірі – «Нұрлы жол» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша 2023 жылы аудандық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізуге үш бірдей жол енген. Оның жалпы ұзындығы 26,49 шақырымды құрады.
Атап айтсақ, алдыңғы жылы Шыңбұлақ ауылындағы 7,6 және «Күйік-ТерісАщыбұлақ» бағытындағы 10,63 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал 2024 жылы «Б.МомышұлыБереке-Жұрымбай» бағытындағы 8, 26 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Өткен жылдың қорытындысымен аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесі жоспар бойынша 97,7 пайызға жетті.
Жыл өткен сайын өңірде жол құрылысы осылай қарқын алатын болса, қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі белгіленген межеден әлдеқайда асатыны анық.
– Бүгінде ауылішілік жолдарға қатысты сын-ескертпелер көп айтылуда. Біз ол қолайсыздықты жою мақсатында жаңа жобаларды қабылдап, жаңаша бағытта жұмыс істеуді қолға алдық. Атап айтар болсақ, алдыңғы жылдары 40 ауылішілік көшенің жолы жөнделген болатын. Өткен жылы ауылішілік жолдар бойынша 15 жоба қолға алынып, 19,3 шақырымды құрайтын 22 көшенің автомобиль жолдары орта жөндеуден өткізілді. Бұл жобалардың 13-і жергілікті бюджет есебінен, ал екеуі «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылды. Сөйтіп, өткен жылдың қорытындысымен ауылішілік автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 75 пайызды құрады, – дейді аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Медет Дамиров.
Ерман ӘБДИЕВ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




