Ғылыми дискуссиялық семинарды «Ғылымдағы әйелдер» бағытының жетекшісі, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің Комплаенсқызметінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Орынқыз Жолдасова жүргізіп отырды. Семинар жұмысын өңірлік Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова ашып, ғылымдағы әйелдерді қолдау және олардың әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды.
– Бүгінгі басқосу – қоғамдағы әйелдердің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Қазіргі білім беру жүйесі – қоғам дамуының басты қозғаушы күші. Ал мұғалім – тек білім беруші емес, үнемі ізденісте жүретін зерттеуші, жаңашыл тұлға болуы керек. Ғылыми зерттеу тек теорияда қалмай, мектеп тәжірибесіне енгізілгенде ғана нақты нәтиже береді. Өңірімізде әйелдердің ғылымдағы үлесі қуантады. Бүгінде облыстағы жоғары оқу орындарында профессор-оқытушылар құрамының 60 пайыздан астамын әйелдер құрайды. 800-ден астам әйелдің ішінде 7 ғылым докторы, 61 PhD, 2 бейіндік доктор, 164 ғылым кандидаты және 570 магистр бар. Ал облыс мектептерінде 1800-ден астам магистр-мұғалім еңбек етуде, 6257 мұғалім зерттеу жұмыстарымен айналысады, 1352 педагог ғылыми жобаларға жетекшілік жасайды. Бұл – әйелдердің ғылымдағы әлеуетінің айқын дәлелі. Amanat партиясы қоғам өмірінің барлық саласында, соның ішінде ғылым мен білімде де әйелдердің көшбасшылығын дамытуға басымдық беріп келеді. Партияның Әйелдер қанаты да осы бағытта жүйелі жұмыс атқаруда. Мысалы, биыл алғаш рет облыста ғылыммен айналысатын әйелдерге арналған дөңгелек үстел өтті. Онда ғылыми жобаларды қорғау мен ілгерілету тетіктері талқыланды. Сондай-ақ әйел ғалымдарды танымал ету мақсатында «Taraz 24» телеарнасымен бірлескен подкастстудия құрылып, бірнеше сұхбат түсірілді. Алдағы уақытта өңірдің әйел ғалымдарының энциклопедиясын шығару жоспарлануда. Мұндай қолдау жастардың ғылымға қызығушылығын арттырып, олардың табысты болашағына жол ашады. Бүгінгі ғылыми дискуссия – осы бастамалардың жалғасы. Бұл алаң мектеп пен жоғары оқу орындарының арасындағы серіктестікті нығайтып, жаңа идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Қазір жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, IT және STEM салалары – әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Сондықтан ғылымдағы әйелдердің белс енділігі мен ынтымақтастығы – уақыт талабы. Аймақтық «Айша бибі» әйелдер көшбасшылығы мектебі де осы бағыттағы маңызды жоба. Бұл мектеп аясында өткен тренингтер мен курстар әйелдердің зерттеу, аналитикалық және жобалық қабілеттерін дамытып келеді. Бүгінге дейін 120-ға жуық әйел осы курстардан өтті. Сонымен қатар біз «Кәсіби әйелдер клубы», «Әйел аманаты», «Әйел табысы» сияқты тұрақты алаңдарды іске асырып отырмыз. Ал «Tomiris» жобасы аясында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға арналған оқыту курстары ұйымдастырылуда. Партияның жастар қанаты «Жастар Рухы» арқылы да жас қыздарды ғылымға тарту, STEM бағытындағы қызығушылықтарын дамыту бойынша арнайы бастамалар қолға алынуда. Бұл – болашақта ғылым мен инновация саласында әйелдер үлесін арттыруға бағытталған ұзақмерзімді стратегиялық жұмыс. Тараз қаласы мен аудандарда ашылған Отбасын қолдау орталықтары, сондай-ақ «Балаңа уақыт арна!», «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» сияқты партиялық жобалар – әйелдердің әлеуметтік және кәсіби өмірін жақсартуға арналған нақты шаралар. Бүгінде партия мүшелерінің 60 пайыздан астамы – әйелдер. Бұл – қоғамдағы әйелдер белсенділігінің көрсеткіші. Ғылым – тек зерттеу емес, ол – қоғамның дамуын айқындайтын басты фактор. Ал сіздер, ғалым әйелдер – сол дамудың қозғаушы күші, жаңа идеялардың иесі, инновацияның насихатшысысыздар. Сондықтан бүгінгі кездесуден кейін жаңа серіктестіктер, тың идеялар мен ортақ жобалар туатынына сенемін. Amanat партиясы және оның Әйелдер қанаты әрдайым сіздердің бастамаларыңызды қолдауға, ғылымдағы әйелдердің әлеуетін арттыруға дайын, – деді Айман Әшімова Сондай-ақ жиында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің деканы, PhD-доктор Гүлнұр Исабекова мен кафедра меңгерушісі, PhD-доктор Маржан Қалмаханова, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің «Шерхантану ғылыми-зерттеу орталығының директоры», PhDдоктор Айнұр Кембаева мен осы университеттің магистрі, Түркия университетінің докторанты Олжас Саржаев ғылымдағы әйелдердің әріптестігі, мектеп пен жоғары оқу орындарының ғылыми әріптестігін жаңғырту, ғылыми жобалардың қазіргі өзекті т ақырыпт ары сияқты мәселелерді көтерді.
Іс-шара мектеп пен жоғары оқу орындарының арасындағы ғылыми әріптестіктің жеткіліксіз екенін көрсетті. Бұл – жүйелі түрде шешуді қажет ететін мәселе. Семинар барысында оқушылардың ғылыми қызығушылығын арттыру, бірлескен зерттеу жобаларын іске қосу, STEM және цифрлық технологияларды енгізу бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Ерман ӘБДИЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




