Антқа адалдық пен кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді
- author «Ақ жол»
- 14 қазан, 2025
- 479
Шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштердің Бас штабы бастығы, генераллейтенант Сұлтан Камалетдинов, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов және облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, әскери қызметшілер мен Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.
Іс-шара соғыс батырлары, аңыз қолбасшылар Сағадат Нұрмағамбетов пен Бауыржан Момышұлының е скерткіштеріне гүл қою рәсімінен басталды. Жеке құрамды құттықтау барысында генерал лейтенант Сұлтан Камалетдинов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері антқа адалдықтың, бірліктің және жоғары кәсібиліктің үлгісі екенін атап өтті.
– Жиырма бес жыл – бұл мыңдаған әскери қызметшілер мен офицерлердің қажырлы еңбегі мен жаттығу жылдары. Сіздер бүгінде мемлекеттің қауіпсіздігі мен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етіп, даңқты дәстүрлерді абыроймен жалғастырып келесіздер, – деді генерал-лейтенант.
Айта кетейік, бұл күні «Даңқ» мұражайында жаңа экспозиция ашылып, естелік стела мен болашақ әскери қызметшілерге арналған уақыт капсуласы қойылды. Сонымен қатар заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері көрсетілсе, штаб аумағында ағаштар отырғызылды. Мұнан соң өнерлі әскери қызметшілердің қатысуымен концерт өтті.
Жалпы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының даму жолы жайлы сөз қозғалғанда «Даңқ» және «Айбын» ордендерінің иегері, генералмайор Әлихан Жарболовтың е сімі айрықша аталады. Оңтүстік әскери округі дәл осы Әлихан Бірімжанұлының басшылығымен құрылғаны әмбеге аян. Кейінгі жылдары Оңтүстік әскери округімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сарбаздарын Уәли Еламанов, Бахтияр Сыздықов пен Болат Дарбеков, Талғат Қойбақов, Мереке Көшекбаев және Жақсылық Үштаев секілді генералдар басқарды.
Бұл қолбасшылар өздерінің кәсібилігі мен бай тәжірибесі арқасында Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілетін нығайтуға зор үлес қосты. Бүгінде бірлестікті генерал-майор Ержан Ыбыраев басқарады. Оның жетекшілігімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік әлеуетін нығайтып, әскерді дайындаудың заманауи тәсілдерін дамыту үстінде.
Еске салайық, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 2000 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылды. 2003 жылы округ өңірлік қолбасшылыққа айналған әскери округте қайта орналастыру, құрамаларды жасақтау және жаңа міндеттерге бейімдеу бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі жүзеге асқан.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




