«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Он мың түп қарағаш егілді

Он мың түп қарағаш егілді
Автор
Өткен сенбіде Мемлекет басшысының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Атаулы акциядан жамбылдықтар да тыс қалған жоқ. Акция аясында Тараз қаласының «Жібек Жолы» ауданы, «Қызыл-Абад» алабына 10000 түп қарағаш егілді. Оған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған мемлекеттік қызметшілер мен еріктілер тобы, жалпы саны 500-ден асып жығылатын адам қатысты.

Шараның мақсаты – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл желекті көбейту және тұрғындардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыпт астыру болып табылады. Аймақ басшысы «Жібек Жолы» ауданына қарасты «Қызыл-Абад» алабында өз қолымен ағаш егіп, акцияның маңыздылығына тоқталды.

– «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңызы зор. Көшелерге жарық жүргізу, абаттандыру – күрделі мәселе. Оны біз кезең-кезеңімен, мүмкіншілігімізге қарай шешетін боламыз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ акция барысында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков өңірде атқарылған абаттандыру жұмыстарының ауқымына тоқталып, маңыздылығын атап өтті.

– «Қызыл-Абад» алабы қала аумағынан шет жатқан елді мекен болғанымен, оның көшелері асфальтталып, жарығы жүргізілген. Біз қаланың шет алқаптарына көп көңіл бөлудеміз. Мына «Қызыл-Абадқа» көршілес жатқан Құмшағал және 28 саяжайлық Шөлдала аумағына 2023 жылы 8,5 миллиард теңгеге ауыз су жүйесі тартылды. Былтыр біз осы аумаққа қиыршық тас жолын төсеуді бастадық. Биыл аяқтадық. Аталған аумақтардағы 320 көшеге қиыршық тас жолы салынды. Ал «Қызыл-Абад» алабындағы көшелер мен жаяу жүргіншілер жолы толық асфальтталды. Тұрғындардың сұраныстары мен талаптары орындалуда. Бүгінгі жасалып жатқан жұмыс – «Жасыл белбеу» атты бағдарламаға сәйкес қала аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша атқарылып жатқан іс. Биылдың өзінде біз осы аумаққа 20000 түп ағаш еккен болатынбыз. Бүгін тағы 10000 түп ағаш егудеміз. Сенбілікке белсене қатысқан тараздықтардың барлығына да ризашылығымды білдіремін. Сондайақ қала халқын алдағы сенбіліктерге де белсенге қатысуға шақырамын, – деді шаһар басшысы.

Талғат ТАЛАПҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар