Сағат 5:30. Қарасаз ауылының таңғы тыныштығын трактордың қозғалтқышы бұзады. Бұл – Әмірқұл ағайдың оянған сәті. Күнделікті әдет бойынша алдымен малды жайғап, жем-шөбін дайындайды. Қорасындағы ірі қара мен қой-ешкіге көз салып, суын жаңартады.
«Ауыл адамы ұйықтап жатса, тірлік кешігеді», – дейді ол күле отырып. Фермердің күнделікті тірлігі – мал мен егін. Екі салада да тәжірибесі мол. Әмірқұл ағаның меншігінде бірнеше гектар жер бар. Онда арпа, бидай және жоңышқа егіледі. Сонымен қатар биыл картоп өсіруді қолға алған. Тракторға отырып, егін алқабын шолып шығады. Техникасының күтімі – оның басты міндеттерінің бірі. «Темір де адам сияқты – күтім көрсе, ұзаққа шыдайды», – дейді ол.
Әмірқұл Махатаев бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Жеке кәсібі ресми тіркелген, салықты уақытылы төлеп, мемлекет тарапынан бөлінетін бағдарламаларға қатысып отырады. Еңбегі мен адалдығының арқасында ауылдастары арасында беделді. Қарапайым ауыл фермерінің бір күні – тынымсыз еңбек пен табандылықтың үлгісі.
Мұндай азаматтар – ауыл экономикасының тірегі, елдің наны мен ырысының иесі. Әмірқұл Махатаев сынды еңбеккерлердің арқасында Қарасаз ауылы ғана емес, тұтас Қазақстанның ауыл шаруашылығы өркендеп келеді. Еңбегі – елге, берекесі – жерге жарасқан нағыз еңбек адамы дерсің.
Шолпан ТОЛЫНБЕКОВА
№6 А.Пушкин орта мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогі.
Қарасаз ауылы, Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




