Атап айтқанда, Қаржылық мониторинг агенттігінің нұсқауларына сәйкес, кез келген іс-шаралар бизнес субъектілердің қызметіне араласпай алдын ала талдау жұмыстарының негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Департаментте қаржы пирамидалары, мемлекеттік сатып алу саладағы жымқыру, бюджетке салық төлеуден жалтару және басқа да қызмет салаларында алдын ала ақпарат жинау және талдау функцияларын орындау мақсатында талдау орталығы құрылған.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті брифингте облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Самат Қойбақов мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған іс-шаралар адал кәсіпкерлерді қылмыстық процеске тартуға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ адал кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін болдырмау мақсатында қылмыстық істер мемлекеттік бюджетке келтірілген залалдың бар екендігін растайтын тексерулер мен сараптамалар болған жағдайда, алдын ала талдау жұмыстарының негізінде ғана қозғалады. С. Қойбақовтың сөзіне сүйенсек, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, қылмыстық іс тіркелмей кез келген процестік әрекеттері алынып тасталады.
Барлық процессуалдық іс-әрекеттер қатаң уақыт тәртібімен және тікелей әкімшілік ғимаратта жүргізіліп, процессуалдық әрекеттердің басталу және аяқталу уақыты «келушілерді қабылдау» деп аталатын ақпараттық жүйеде тіркеліп, толтырылады. Адал кәсiпкерлердiң қызметiне әлеуеттi кедергi немесе кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне зиян келтiретiн, оның ішінде тексерулер, құжаттарды алып қою, мүлiкке билiк етудi шектеулер, кәсiпорын шоттарына тыйым салу және тағы да басқа тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жол берiлмейдi.
– Айта кету керек, қылмыстық процеске қатысушылармен жүргізілетін тергеу әрекеттері барынша азайтылды. Азаматтар мен кәсіпкерлерді негізсіз шақыру фактілері алынып тасталды. Заңдылықты, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беруді және қылмыстық саланы жаңғыртуды қамтамасыз ету бойынша әрбір тергеу кабинеті бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Кәсіпкерлер палатасы және департамент бірлесіп, өткен жылы – 38, биыл – 5 іс-шара өткізді. Оның ішінде облыс көлемінде әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша, көлеңкелі экономиканың үлесін азайту, ауыл шаруашылықтарға дизель отынын кедергісіз жеткізу, субсидиялар, қаржылық пирамидалар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, есірткіге қарсы жиындар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда департамент пен облыстық кәсіпкерлер палатасының қарым-қатынасы нығая түскен, – деді Самат Базарханұлы.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жалған сөздің жазасы ауыр
- 4 желтоқсан, 2025
Ата-анасы бөлек тұратын баланың құқығы қорғалған ба?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




