Облыста 56 мыңнан аса партия мүшесі болса, оның 22582-сі, яғни 40,2 пайызы білім саласының қызметкерлері. Ал мәслихаттардағы аманаттық 210 депутаттың 32-сі білім саласында қызмет етеді.
– Ұстаз – қоғамның тамыршысы, бағыт-бағдар беруші тұлғасы. Әлі күнге дейін мұғалім көрсек, именіп тұратынымыз, мектеп табалдырығын аттаған сайын сол бала күнгідей көңіл-күй мен толқуды бастан кешетініміз жасырын емес. Ал мектеп – ұлт рухын тербеп тұрған киелі бесік. Отбасы мен мектептен алған тәрбие, тағылым әр адамның өміріне берілген ең алғашқы жолдама іспеттес. Қанша заман өзгерсе де ұлт ұстыны саналатын ұстаздарға деген құрметіміз өзгермейді. Себебі, еліміздің жетістігі мен өркендеуі де мұғалімдердің үйлесімді жұмыстарына тікелей байланысты. Олар өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесін дамытуға ерекше үлес қосып, еліміздің өркениетіне зор еңбек сіңіріп жүр. Педагогтер тек оқытып ғана қоймай, өз оқушыларының қабілеттерін ашуға, оларды жетістікке жетелеудегі еңбектері ерен. Amanat партиясы білім беру саласын дамытуға, мұғалім мәртебесін арттыруға ерекше мән береді. Бұл бағытта қабылданып жатқан бағдарламалар мен реформалар – мұғалімдердің еңбектеріне деген зор құрметтің айғағы. Облыстық филиалдың ұйымдастыруымен ерекше форматтағы «МҰҒАЛІМ TALKS» атты TED-алаңы өткізіліп, ол ұстаздар үшін өз әлеуетін көрсетуге, кәсіби дамуға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретін ашық алаңға айналды. Мұндай жобалар білім беру саласының дамуына тың серпін беріп, ұстаз мәртебесін көтеруге қызмет етуде, – деген Дауыл Ынтықбайұлы өз қызметінде озық тәжірибе көрсетіп жүрген бірқатар мұғалімдерді марапаттады.
Партияның Саяси кеңесі Бюросының №009 қаулысына сәйкес, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі №64 орта мектебінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Эльмира Қойлыбаеваға тапсырылды. Сондай-ақ білім мен тәрбие беру ісінде үздік еңбек үлгісін таныта білген педагогтер Парламент Мәжілісінің және Amanat партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың «Құрмет» грамотасымен, партияның Атқарушы Хатшысының орынбасары Дәулет Кәрібектің Алғыс хатымен және облыстық филиалдың Алғыс хатымен марапатталды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




