Тоқаев: Қалаларды жылумен қамту және өндірістік қауіпсіздік – басты міндет
- author «Ақ жол»
- 3 қазан, 2025
- 1.2k
Әкім өңірде негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсім көрсетіп отырғанын баяндады. Биылғы сегіз айда облыста 3,2 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артқан. Инвестиция көлемі 644,7 млрд теңгеге жетіп, 11%-ға өскен.
Жыл соңына дейін құны 195 млрд теңге болатын 29 жоба іске асырылып, 2 700 жаңа жұмыс орны ашылмақ. 2030 жылға дейін құны 4,5 трлн теңгеге бағаланған 120 жоба жүзеге асырылып, 20 мың адам жұмыспен қамтылады.
Ауыл шаруашылығында да ірі жобалар қолға алынуда. Екі сүт фермасының құрылысы аяқталса, өңір сүтке деген сұранысты толық қамтамасыз етпек.
Әкім сондай-ақ «Qarmet» АҚ-ның жаңғырту жұмыстары туралы мәлімдеді. Компания сегіз айда өндірісті дамытуға 110 млрд теңге салған. Соның нәтижесінде болат, шойын және илем өндірісі артқан. Кәсіпорын табиғи газға көшу процесін бастап кетті. Көмір өндіру көлемі 15%-ға өскен.
Президент өңірді дамытуға қатысты тапсырмалар беріп, қалалар мен елді мекендерді жылумен тұрақты қамту және «Qarmet» кәсіпорнындағы өндірістік қауіпсіздікті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударуды жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




