Құқық қорғау органдары академиясына жаңа ректор тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 3 қазан, 2025
- 1.0k
Бұл қызметке 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды. Ол бұған дейін өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор.
«Академия алдына маңызды міндеттер қойдым:
– білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту;
– жасанды интеллектті тиімді қолданып, киберқылмыспен және басқа да заманауи қатерлермен күресуге қабілетті сертификатталған прокурорлар мен өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау;
– ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту;
– Академияның ғылыми басылымдарының халықаралық беделге ие болуын қамтамасыз ету;
– курсанттардың жеке қасиеттерін – тәртіптілікті, қызмет пен мемлекетке адалдықты тәрбиелеуге назар аудару;
– шетелдік бейінді білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту.
Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін.», – деді Бас прокурор.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




