Бір қуанарлығы, бұл күнде батыр қыздың есімін иемденген оның ізбасарлары әскери салада абыройлы қызмет атқарып жүр. Сұрмергеннің сіңлілері бейбіт өмірде Молдағұлованың қаһармандық жолын жалғап, ел-жұрттың құрметіне бөленуде. Солардың бірі – Әлия Ниязымбетова.
Кейіпкеріміз Әуе қорғанысы күштері әскери институтының білім сапасын бағалау (мониторинг) бөлімінің әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі.
20 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар білікті маманның әскери шені – подполковник.
Қазіргі таңда Әлия Бақытжанқызы әскери білім жүйесін жетілдіруге бар күшін салып жүр. Мәселен, оның бастамасымен Әскери институттың баллдық-рейтингтік жүйесі енгізіліп, білім беру процесін бақылау және бағалау ережелері жасалды, оқуәдістемелік кеңес жұмысының негіздері қалыптасқан. Сондай-ақ ол курсанттардың білім сапасын арттыруға бағытталған бірнеше әдістемелік жобалар іске асырған.
Бастысы, Әлияның еңбегі егемен еліміздің әскери білім жүйесін дамытуға зор үлес қосып, болашақ офицерлердің сапалы даярлануына мүмкіндік беруде. Жалпы, әскери маман тек білім сапасын арттыруға ғана емес, курсанттардың тұлғалық дамуына да ерекше назар аударады. Ол жауапкершілік пен тәртіпті, білімге деген ұмтылысты бірінші орынға қоятын шебер ұстаз.
Сабақ барысында курсанттарға талапшылдық таныта отырып, олардың ерік-жігерін шыңдауға, өз бетімен шешім қабылдауға үйретеді. Оның жетекшілігімен көптеген жас офицерлер әскери мансапқа нық қадам басып, кәсіби даярлықтан өткен.
Айтпақшы, кейіпкеріміз I спорттық разряды бар спортшы. Сонымен қатар ол саяхаттағанды жаны сүйеді. Жақын болашақта Токио, Нью-Йорк және Мадрид секілді қалаларға арнайы барып келуді жоспарлап отыр. Бұл оның әлемді танып-білуге, мәдениетаралық қарым-қатынасты бағалауға деген құштарлығының айқын көрінісі.
Ең негізгісі, ол үшін Әлия есімі – жауапкершілік пен қайсарлықтың мәңгілік символы. Өз кезегінде кейіпкеріміз ұлық есімге лайықты болуға бар күш-жігерін жұмсап келеді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




