Экскурсия барысында полиграфиялық өнімдерді шығару жұмыстары және компанияның тұтынушыларға көрсететін өзге де қызметтерін таныстырған «Рысбаева и Ко» компаниясының құрылтайшысы Сәуле Рысбаева бизнесті шағын ғана шеберханадан бастағанын айтып, кәсіпкерлік жолын әңгімелеп берді.
– Еңбекқорлық үлкен жетістікке жеткізетінін біздің осы кәсібімізден де байқауларыңызға болады. Шағын шеберханадан бастап, бүгін үлкен кешенді кәсіпкерлікке жеткен ісімізді бұдан ары да дамытуды көздеген жоспарларымыз бар. Әркім жаны қалаған іспен айналысса, биіктерді бағындырады. Өз қалауларымен таңдаған мамандықтары бойынша білім алып жүрген жастарға адаспас жол, қажымас қайрат тілеймін, – деді Сәуле Мақшанқызы.
Бұл компания Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжін қамқорлыққа алғанын айтқан колледж директоры Саясат Есеев екіжақты бірлескен жұмыстарды мәлімдеді.
– «Рысбаева и Ко» компаниясы жұмыс істейтін екі бағыты да біздің колледж дайындайтын мамандарға жұмыс ұсына алады. Типографиялық бағытындағы жұмыстарын сәндік қолданбалы өнер мамандығының студенттеріне таныстырсақ, мектебіндегі заманауи білім мен тәрбие беру әдістерін педагогикалық мамандықта оқитын студенттерімізге көрсеттік. Колледжде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде осындай жұмыс берушілердің пікірлері ескеріледі. Осы компанияның базасынан студенттеріміз іс тәжірибеден өтеді. Тәжірибе барысында біліктілігін байқатқан студенттерімізді жұмысқа қабылдап алып қалып та жатыр. Мысалы, биылдың өзінде үш студентіміз «A-Status» мектебіне жұмысқа орналасты. Колледжімізде студенттерге үздік кәсіпкерлерді насихаттап, еңбек адамдарының үлгілі жолын көрсетіп отырамыз. Осы жағынан бүгінгі іс-шарада табысты кәсіпкер Сәуле Рысбаеваның өзі бизнесінің тарихын әңгімелеп, студенттерімізге маңызды сұхбат берді, – дейді Саясат Керімбекұлы.
Семинардың негізгі бөлімі – дөңгелек үстелде кәсіби білім беруді дамытуда бизнес, білім беру мекемелері мен отбасылардың бірлескен іс-қимылының маңыздылығы айтылды. Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасып, домбырашылар ансамблі мен мектеп хоры өнер көрсетті.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




