Әскерге шақырылушыларды іріктеу кезең-кезеңімен, әр түрлі әскер түрлері бойынша өтеді. Қыркүйек айындағы шақыру барысында ҰҚК Шекара қызметіне және Мемлекеттік күзет қызметіне командалар құру көзделді. Келесі кезең Қарулы күштерге іріктеу болып табылады. Дәстүр бойынша күзгі науқан ұлттық гвардияға әскерге шақырылушыларды жасақтаумен аяқталады.
Біреу қорғаныс істері жөніндегі басқармаға SMSхабарлама бойынша, біреу шақыру қағазы бойынша келеді. Бірақ шақыруды күтпей-ақ, жергілікті әскери басқару органдарына өз еркімен келетіндер де аз емес. Мұндайда күшті ынталандырушы фактор – көбінесе үлкендердің қолдауы болып табылады. Сондай қолдау көргендердің ішінде Тараз қаласының тұрғыны Қуаныш Болатұлы да бар.
Ол – колледж түлегі. «Қызметті өтеу міндетіміз!»
– Қуаныш Болатұлының отбасындағы барлық ер адамдар осы ұстанымды ұстанады, бұл оның атасы Гаухарбек Алтаевтың да берік ұстанымы. Атасының немересімен бірге әскери комиссариатқа келіп, оны қолдап, жігерлендіріп жүргендігі сөзіміздің дәлелі бола алады.
– Мен немеремді қолдаймын! – дейді Гаухарбек Алтаев.
– Оған қолдау көрсетіп, жігерлендіруге келдім, бірақ ол моральдық жағынан да, физикалық жағынан да қызметке дайын. Менің ойымша, маңызды сәтте атасы немересінің жанында болуы керек. Мен немеремнің болашағы қазір шешіліп жатқанына сенімдімін. Ол қызметін абыроймен өтеп, біткен күні оның алдынан барлық есіктер мен өмірге үлкен жол ашылады. Әлгі жолды әскердегі қызметтен бастаған дұрыс.
Гаухарбек Алтаевтың «арсеналы» бай – 21 немересі бар, олардың үштен бірі – ұлдар. Солардың барлығын патриоттыққа берік атасы әскерге жіберуге ниетті. Ол өз уақытында әскерде қызмет атқарды, Забайкалье әскери округінің зымыран әскерлері мен артиллериясында байланысшы болды. Сондықтан армия өмірін өз көзімен көрген адам ретінде жақсы біледі.
Үлкендердің мұндай қолдауы жастарды жігерлендірмей қоймайды. Жас жігіт отбасының сенімін сезінгенде, шақыртуға қуана барады. Ал осындай кезде атасының немересіне қолдау көрсетуі, отбасына ғана емес, әскери басқару органдарына да күшті қолдау болып табылады.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




