Оның үстіне Нұрдос өткен жылы Қазақстан бойынша мың жарым жас теміржолшының ішінен іріктелген «100 жас есім» төсбелгісін иеленіп, есімі кітапқа енді. Балалық арманы журналист болуды қалаған маман, өзінің болат жолға қалай келгенін былайша баяндайды:
«ҰБТ-да жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, ӘлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетіне, баламалы түрде М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына тапсырдым. Таңдау екеуінде де болды. Дегенмен, бүгінгі күні елімізде логистиканың дамып келе жатқаны, коммуникацияның қарқынды жүргізілуі қызықтырып, теміржолды таңдадым».
Академияны 2013 жылы «қызылға» бітірген кейіпкеріміз алғаш еңбек жолын Алматы локомотив пайдалану депосында бастаған. Онда ол сол депоның шақыруымен барған болатын. Дегенмен 2016 жылы туған жеріне оралған ол содан бері Жамбыл локомотив пайдалану депосында екінші санатты машинист болып еңбек етіп келеді.
– Қазіргі күні теміржолда жаңашылдық көп. Бүгінде депо паркі толықтай жаңартылды. Отандық «KZ-86» электровоздарына басымдық беріліп, машинистердің еңбек өнімділігі артып отыр. Бұл әрі қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде тиімді. Биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» аталғандықтан, кәсіпорындағы жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігін ескеру бағытында апта сайын сабақтар өтіп тұрады. Біздің аға буыннан үйренеріміз көп. Қазір жанымда машинист көмекшісі болып Ерғали Ахметов деген жас маман жүр. Оған да тәжірибеме қарай білгенімді үйретіп, көмегімді көрсетудемін. Теміржол саласы – жартылай әскери тәртіпке үйренген сала. Бізге еш ауытқуға болмайды. Іздену мен күнделікті техникалық қауіпсіздікті қайталап отыру біз үшін шартты дүние, – дейді Нұрдос Дәурембеков.
Сонау бала кезінде журналист болсам деген жігіттің жігері жанып тұр. Өлеңге де әуестігі бар екен. Келесі сапары «Тараз-Шу» бағытын бетке алған сала үздігіне сәт-сапар тіледік!
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




