Осында алғаш қатардағы слесарь болып келген ол қазір «гумеровшик», бесінші санатты жұмысшы. Яғни химиялық цехта қышқылмен жұмыс істеп, қазандықтарды сырлап, тазалайды. Кәсіпорынға жұмысқа келгенде алдыңғы буын ағалардан үйренген тәжірибесімен бүгінде жас мамандармен бөлісіп жүр.
Қазір өзі Жандос Баетов сынды жас маманның тәлімгері. Алдында Тараз қаласындағы әскери госпитальда еңбек жолын бастаған Зауырбек кейін «Таразтрансэнерго» жеке шаруашылық серіктестігінде үш жылдай еңбек етіп, кейін жоғарыдағы кәсіпорынға ауысқан. Ортасына сыйлы, басшылық тарапынан алғыс алып жүрген азамат.
– Отбасында жетеуміз. Мен үйдегі үшінші перзентпін. Бауырларымның барлығы өздерінің жүрек қалауымен таңдаған мамандықтарымен еңбек етуде. Ал інім Ілияс «Таразтрансэнерго» кәсіпорнында еңбек етеді. Әкем Ошақбай уақытында қала іргесіндегі «Алтыншы» совхозда тракторшы болып еңбек етті, анам Үміткүл сиыр сауушы болған. Осы ата-анамыздың қарапайым еңбекқорлығы бізге үлгі болды. Қандай жұмыс болмасын, білек сыбана кірісуге үйрендік.Ұлым Нұрәділ тоғызыншы сыныпта оқиды. Болашақта сәулетші боламын деген арманы бар. Кезінде боксқа әуестігім болды, қазір футбол ойнап жүрміз. Аптасына үш рет доп теуіп, саламатты өмір салтын ұстанып жүрген жайым бар. Жылына бір рет тазаланатын қазандықтардың тұрақты жұмыс істеп тұруы үнемі қадағаланады. Цехта бүгінгі күні алты слесарь, үш «гумеровшик» еңбек етеді. Кәсіпорынға Жұмабек Бөлекбаев басшылыққа келгелі бері жұмысшылардың жағдайына көп көңіл бөлінуде. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін еңсеруде техникалық бөлім мамандары әрдайым техникалық сабақтар өткізіп тұрады. Қазір қысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы киіммен толық қамтамасыз етіліп, қышқылмен жұмыс істегендіктен күндігіне 0,5 литр айран беріледі, – дейді Зауырбек Ошақбайұлы.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




