«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Биыл 65 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Биыл 65 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
Автор
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау және жұмыспен қамту салаларындағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер қаралды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің айтуынша, биыл тыныс алу жүйесі ауруларынан (0,2%) және туберкулезден (7,5%) өлімжітім көрсеткіші өткен жылдың 7 айымен с а лыстырғанда төмендеді.

Өңірде 109 дәрігер тапшылығы бар. Кадр тапшылығын шешу мақсатында 2019-2025 жылдары жергілікті атқарушы орган грантымен жалпы медицина мамандығы бойынша 58 студент білім алуда. Олардың алды 2026 жылы оқуын аяқтайды. Сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға (резидентура) 179 грант бөлінді.

Оқу бітіргеннен кейін өңірдің мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 жыл еңбек ету міндеттемесімен 53 дәрігер жұмысқа орналасты.

Қазір 84 жас маман резидентурада білімін жалғастыруда, ал 7 резидент әлеуметтік демалыста. Мамандарды қолдау үшін биыл 41 дәрігерге тұрғын үй сатып алу немесе салу мақсатында 367,3 млн теңгеге дейін бюджеттік несие берілді.

Бұған қоса, 129 жас маманға жалпы құны 47,6 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Жергілікті әкімдіктер де қосымша қолдау шараларын ұсынып отыр. Сонымен бірге биыл 2 468 медицина қызметкерін, оның ішінде 589 дәрігер мен 1 879 орта буын маманды оқудан өткізу жоспарланған.

Қазіргі таңда 1 891 медицина қызметкері біліктілігін арттырды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекболат Мұқановтың мәлімдеуінше, 2025 жылғы 24 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында 43 064 жұмыс орны құрылды (жылдық жоспар – 65 647).

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар