Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
- author «Ақ жол»
- 27 қыркүйек, 2025
- 588
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылғы 27 қазанында, жергілікті сағат 15:00-де Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5-қабат, 512-кабинет мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа мынадай маршруттың пакеті (маршруттар) шығарылады: № 1 лот «Тараз қаласы – Қаратау қаласы» Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5-қабат, 512-кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың 17 қазаны сағат 12:00-ге дейін. 2025 жылдың 1 қазаны сағат 16:00-де конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
- 2 желтоқсан, 2025
Қауіпсіздік бәрінен маңызды!
- 8 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




