Аймақ басшысының сөзінше, жыл басынан бері жалпы өңірлік өнім 690,9 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 106,3 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Осылайша қысқа мерзімді экономикалық өсім 11,4 пайыз деңгейінде тіркеліп, Жамбыл өңірі инвестиция тарту ісі бойынша көшбасшылар қатарында келеді.
– Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі – өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту. Биылғы жылдың 8 айында негізгі капиталға 391,7 миллиард теңге инвестиция тартылды. 2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель 6,3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін негізгі 62 ірі жобадан тұрады. Биыл құны 161 миллиард теңгеге 26 жобаны іске асырып, 1,1 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жыл басынан 13,3 миллиард теңгеге 8 жоба іске қосылып, 184 жұмыс орны құрылды, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Сондай-ақ аймақ басшысы тұрғын үй, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы мен жолкөлік, мәдениет пен білім саласындағы оң өзгерістерге тоқталып өтті. Мұнан соң облыс әкімінің орынбас ары Айжан Есмағамбетова денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының облыста іске асырылу барысы жөнінде баяндама жасады. Облыс әкімінің сөзінше, 4,1 миллиард теңгеге 5 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілсе, оның 3-уі пайдалануға берілген.
– Медициналық құралжабдық сатып алуға 6 миллиард теңге бюджет қаражаты бөлініп, 32 дана диагностикалық техника алынды. Бұл ерте, жедел жәрдем жұмысының сапасы мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін лизинг тәсілімен 60 дана санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда. Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 54,3 пайыздан 45,7 пайызға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 92,7 пайызға жетеді. Жасанды интеллектімен онкологиялық ауруларды анықтау жөніндегі арнаулы жүйе 22 мекемеде енгізіліп, 2264 адам тексеруден өтті, – деді Айжан Есмағамбетова.
Сессияда облыстық мәслихаттың экономика, жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Фарида Жүнісова денсаулық саласына жүргізілген зерделеу жұмыстарымен таныстырып, жедел жәрдем, электронды порталдар жұмысы мен маман тапшылығы мәселесіне баса мән беріп өтті. Сондай-ақ жиында өзге де мәселелер, атап айтқанда, тегін дәрідәрмек пен медициналық бұйымдарды қосымша беру, орман және су ресурстарын пайдалану қағидаларын бекіту, кейбір ескі шешімдердің күшін жою, жер комиссиясының ереже сіне өзгерістер енгізу жайы қаралды.
Сондай-ақ облыс әкімдігінің дербес құрамы мен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия құрамына толықтырулар енгізілді. Сессия отырысында бірқатар депутаттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына қатысты шешімдер қабылдады. Жиын соңында облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұра лиев көтерілген мәселелер ұдайы депутаттар бақылауында екендігін тілге тиек етіп, жергілікті атқару органдарымен бірлескен жұмыстың жалғаса беретіндігін жеткізді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




