Бас дәрігердің қызметінен босап кеткенін білмегені ме?
- author «Ақ жол»
- 27 қыркүйек, 2025
- 622
Меркі ауданына барған сапарымызда осы мәселені тұрғындардан да, аурухана қызметкерлерінен де сұрастырып, сыр суыртпақтап көргенбіз. Меркі аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Анеля Мұқаева бұл қызметке 2025 жылдың 18 қыркүйегінде тағайындалғандығын айтып, осы уақытқа дейін бас дәрігер Мейрамбек Дәрменовтың еңбекке жарамсыздығы бойынша демалыста жүргенін алға тартты.
Меркілік белсенді Қайрат Илипов те соңғы кездері шынында ауданда бас дәрігер тұрақтамай кеткенін айтады.
«Бас дәрігерге жарымай жатырмыз. Бұған дейін бас дәрігер болған Жанар Оспанованың да, қазіргі бас дәрігер Мейрамбек Дәрменовтың да не үшін қызметтерінен кеткені ашық айтылмады. Қазір міндетін уақытша атқарушы болып Анеля Мұқаева деген маман отыр. Енді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары бас дәрігерді тағайындау ісін неге созып жатқаны да түсініксіз. Бұл қызмет әлі қанша уақыт бос тұрады?», – дейді.
Біз бұл мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Өмірбаеваға хабарласып, Мейрамбек Дәрменовтың биылғы жылдың тамыз айында қызметінен босатылғандығын анықтадық.
Сондай-ақ бас дәрігердің бос орнына конкурс жарияланғандығы туралы жауап алдық. Осыдан кейін бас дәрігердің міндетін атқарушы Мұқаеваның әлдеқашан Дәрменов қызметінен босап кеткенін, бос орынға конкурс жарияланғанын білмегені ме деген ой келді. Бас дәрігердің міндетін атқарушы неге Дәрменовты денсаулығына байланысты демалыста жүр деп айтты? Түсініксіз.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




