«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жемқорлықпен күрес күн тәртiбiнен түспейді

Жемқорлықпен күрес күн тәртiбiнен түспейді
Автор
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бiрге өciп-өркендеп, тамыр жайып, бүгiнге дейiн жойылмай отырған қayiптi қоғамдық кеселдiң бipi. Бүгінде тәуeлciз eлiмiздiң экономикасының дамуына кедергi келтipeтiн, қоғам дертiнe айналған мәселелердiң бipi де осы – жемқорлық. Үлкен әлеуметтiк қаcipeт болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бiр-бipiне ұқсамайтын әлемдегi барлық елдердiң қайқайсысын да қатты алаңдатып отыр.

Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күрестi тек заң қызметкерлерi ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бiрлесе күресу баршамыз үшiн маңызды ic. Онымен күрес – еліміздің дамуының басты факторы, мемлекет саясатының басым бағыттарының бipi және ұлттық бәсекеге қабiлеттiлiктiң мiндеттi шарты болып отыр. Күрестiң басты қаруы ретiнде елiмiзде қылмыстық заңнамаларды қатаңдатумен қатар, түрлi мемлекеттiк бағдарламалар да жүзеге асырылуда.

Осыған орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл туралы», «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Ақпаратқа қол жеткiзу туралы» арнайы зандар да қабылданды. Болашақта өскелең ұрпақ жемқорлыққа жирене қарауы үшiн бiз қандай әрекет жасап, оларға қандай бағыт сiлтей аламыз?

Бүгiн, ертең демесек те, алдағы жылдары сыбайлас жемқорлықты толығымен ауыздықтап тастамасақ та, оның қазiргiден әлдеқайда әлсiзденетiндiгiне кәмiл сенемiз. Сол мақсатқа жету үшiн әрбiр отбасында, балабақшада тәрбиеленетiн, мектепте бiлiм алатын баланың бойына имандылық пен адамгершiлiктi, елiне, жерiне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезiмдi тереңiнен ciңіpуiмiз қажет.

Жаны таза, ары ақ, елi мен жерiн көркейтер нағыз азамат қалыптасуы үшiн ұлттық рухты жас ұрпақ бойына дұрыс дарыта алуымыз қажет. Сонда ғана бiз оны қоғамымызға қаyiп төндipiп, орасан кесел келтiрeтiн жемқорлықтай келеңсiз әлеуметтiк құбылыстан арашалай аламыз. Сол себептi ұлтжанды азамат тәрбиесiне селқос қараудан аулақ болған жөн.

Қайта бар назарымызды ұрпақ тәрбиеciне шоғырландыра алсақ, жарқын болашаққа сенiмдi әpi нық қадам тастарымыз анық. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тiршiлiгiн тарылтатын, сөйтiп олардың толыққанды қызмет етyiне қатер төндiрeтiн кауiптi кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын бiлiп, дерттiң қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта, сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өз құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда, қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Президенттің 2022 жылғы 2 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстық төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық іс-шара ретінде бірқатар жұмыстарды жүзеге асырып келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын құзырлы мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті тақырыпта мақалалар жариялап отырады. Сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу бойынша жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін «қауіпқатер тобының» тізімі жасалып, департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізіліп келеді.

Қоғамның жегi құртына айналған жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мәселесi алда да күн тәртiбiнен түспек емес.

 

Гүлмира ТҰТҚЫШБАЕВА

облыстық төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар