ЖИ арқылы әзірленген қазақ ертегілерінің көрсетілімі өтті
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2025
- 620
Телеөнімнің жабық көрсетіліміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері, телеарна ұжымы және мектеп оқушылары қатысып тамашалады. ЖИ арқылы жасалған мультфильмдердің жалпы саны – 12, ұзақтығы 20 минутты құрайды.
Топтамаға «Қарлығаш пен Дәуіт», «Ақылды шыбын мен жалқау аю», «Түлкі мен тырна» сияқты танымал қазақ ертегілері енгізілген. – Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салаға енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Jambyl» телеарнасы 1 қарашадан 36-маусымын бастайды. Елімізде алғаш рет ЖИ көмегімен дайындалған бұл туындылардың көрерменге жол тартуына облыс әкімдігі қолдау көрсетті. Ал олардың дыбысталуын корпорация құрамындағы «Балапан» теле арнасы көмекте сті, – деді телеарна директоры Гүлбаршын Құланбаева.
Жаңа мультфильмдер оқушыларға ерекше әсер сыйлап, жас көрермендерден алғашқы бағасын алды.
– Мультфильмдер бізге қатты ұнады. Әсіресе еңбек пен достық, жақсылық пен жамандық туралы ертегілер жақсы әсер сыйлады. Осындай мультфильмдер көп әрі ғаламтор арқылы көре алатындай болса екен дейміз, – деді Тараз қаласы №39 мектеп оқушысы Бағдаулет Талғатұлы.
Мультфильмдер топтамасы тек телеарна эфирінде ғана емес, сондай-ақ «Әжемнің әңгімесі» өңірлік жобасы аясында балабақша тәрбиеленушілеріне де ұсынылмақ.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




