Жиын барысында қоғамдықсаяси ахуалдың жай-күйі, күзгі дала жұмыстары мен вегетациялық кезеңнің барысы жөнінде бірқатар басқарма басшысының, полиция және төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің есептері тыңдалды. Экономика және бюджеттің жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша облыс экономикасының өсімі 11,4 пайызды құрады.
Бұл көрсеткіш өнеркәсіп (18,9 пайыз), ауыл шаруашылығы (0,1 пайыз), құрылыс (19,6 пайыз), тұрғын үй (2,8 пайыз), сауда (2,4 пайыз), көлік (4,9 пайыз) және байланыс (9,3 пайыз) салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілді. Барлық салада оң динамика қалыптасты.
Алайда өнеркәсіп өнімінің көлемі – Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандарында, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – Жуалы, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Қордай аудандарында, инвестиция көлемі – Мойынқұм, Қордай аудандарында, құрылыс көлемі – Мойынқұм ауданында, бөлшек сауда – Сарысу ауданында төмен деңгейде қалып отыр. Бұдан соң облыстық бюджеттің орындалуы туралы қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкектің баяндамасы тыңдалды.
– Экономикалық көрсеткіштердің орындалуы – басты әрі маңызды міндет. Талаптар айқын, межелер нақты белгіленген. Жауапсыздық пен салғырттыққа жол беруге болмайды, – деді Ербол Қарашөкеев.
Өңір басшысы әрбір қаржының мақсатты игерілуін қамтамасыз етуді, бюджеттік тәртіптің бұзылуына жол бермеуді талап етті. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына тұрақты мониторинг жүргізіп, тұрғындарға жеңілдетілген бағамен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруды міндеттеді.
– Жәрмеңкеге шығарылатын өнімдер сапалы, жеткілікті көлемде әрі жамбылдықтарға қолжетімді болуы тиіс, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Басқосуда мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Әбдіқазиев, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Иманбаев сөз сөйледі.
Аппараттық кеңес қорытындысында облыс әкімінің бірінші орынбасарына, басқарма басшыларына, сондай-ақ Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне көтерілген мәселелерді қатаң бақылауда ұстап, оларды шешу үшін нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




