«Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына қатысуға шақырамыз
- author «Ақ жол»
- 20 қыркүйек, 2025
- 566
1 қазан – Халықаралық қарттар күні жақындап келеді. Бұл күн біздің аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп. Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету аға буынға көрсеткен парызымыздың аз ғана бөлігі.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жылдар бойы елімізде қазан айы «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлығы акциясына ұласып келеді. Қазақ халқының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, алдынан кесе көлденең өтпеген.
Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артуда. Мемлекетіміз қарт адамдарға деген қамқорлықты экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар бар. Әлемді жайлаған экономикалық қиындықтар біздің елімізді де айналып өткен жоқ.
Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезеңді бастан өткізуде. Кейбір қариялар жасы ұлғайған шағында жылулық пен мейірімге зәру. Барлық қазақстандықтарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылым өкілдерін, аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына атсалысуға шақырамыз.
Өз елінің патриоты ретінде акцияға бейжай қарамайтын азаматтар жергілікті әкімдіктермен, өңірлік ардагерлер кеңестерімен байланысқа шығып, үлестеріңізді қосыңыздар.
.«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




