Мерекеге сай безендірілген Білім алаңында жас буынның білім мен ғылым жолындағы алғашқы қадамын қолдап, жаңа белестерге жігерлендіру мақсатында ұйымдастырылған жиында білімнің биік шыңына ұмтылған – бірінші курс студенттерін Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы, ректор Мұхтар Байжұманов құттықтап, салтанатты шараны ашық деп жариялады.
Осыдан кейін ортаға білім кілті мен студенттік билетті алулары үшін еліміздің жарқын болашағына жол ашқан, мемлекеттік грант иегерлері, үздік білім мен еңбектің үлгісін көрсеткен талапты да белсенді алғашқы курс студенттері шақырылды. Оларға кілт пен студенттік билетті ректор өз қолымен табыс етті.
Нәтижесінде, нағыз студент атанған жастар бірігіп, бір ауыздан:
«Біз, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері қатарына қосыла отырып, сүйікті Отанымыз Қазақстанның алдыңғы қатарлы, әділетті мемлекет болуы үшін саналы білім алуға, туған халқымыздың ата дәстүрін жалғастыруға, Мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлеуге және студент деген атқа кір келтірмеуге, университет Жарғысын бұлжытпай орындауға ант етеміз!», – деп ант қабылдады.
Жиын соңында университеттің өнерлі студенттері ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетті.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде балалар әдебиетінің онкүндігі өтіп жатыр
- 14 сәуір, 2026
Ұлағатты ұстаздар топтасқан ұжым
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




