Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Дулат Оспанов баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы екі жылда жоба аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінбегеніне қарамастан, биыл қайтарылған қаражат есебінен ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несиелер берілуде.
Нақтырақ айтқанда, 5,5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 700-ге тарта жоба қаржыландырыған. Сонымен қатар биылғы жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасына бірқатар өзгерістер енгізілген. Ең маңыздысы – бөлінген қаражаттың тек 40 пайызы ғана мал шаруашылығына бағытталмақ. Оның өзінде, төрт түлік тек кооперативтер арқылы ғана алынады. Бұл қадам жайылым жер тапшылығының алдын алу мақсатында қолға алынған.
Бұған дейін ауыл тұрғындарының жаппай мал сатып алып, жайылым жетіспеушілігіне тап болғаны белгілі. Ал ауыл тұрғындарының мал шаруашылығын дамытуына қосымша мүмкіндік ретінде төрт түлікті т ауарлы несие арқылы беру тетігі енгізілуде. Бұл – жоба аясында қолдауды кеңейтіп, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған маңызды қадам.
– «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2019-2023 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы 42,2 миллиард теңге бөлініп, ол қаржыға 62 ауылдық округтен 8028 жобалар несиелендірілді. Сондай-ақ жобаны іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты екі мәселе шешімін тапты. Яғни, тұрғындарға төмен пайызбен несие берілді (2,5 пайыз) және ауылдық елді мекендердегі мүліктер (негізінен тұрғын үйлер) кепілдікке қабылданды (екінші деңгейлі банктер қабылдамайды). Айта кетерлігі, 2019 жылдан бері осы жобаға қатысқан 611 жеке кәсіпкерлер 1,9 миллиард теңгеге несиесін толық жапты. Бүгінгі күнге қол жеткізілген нәтижелерге тоқталар болсақ, жаңадан 8028 жеке кәсіпкерлер құрылды. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерде жалпы 37 044 жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде тұрақты – 22 838, уақытша – 14 206 жұмыс орны. Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңт арына «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендірілген жеке кәсіпкерлер тарапынан жалпы 1 миллиард 619,3 миллион теңге бюджеттік төлемдер төленген, – деді Дулат Молдабекұлы. Жиында кеңес мүшелері жобаның тиімді жүзеге асуына қатысты нақты ұсыныстар айтып, бақылауды күшейту мәселесі көтерілді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




