-Жаңа оқу жылы басталғалы бері өңірде кәмелетке толмағандар арасында аса ауыр қылмыстардың жиілеп кетуі – жағдайдың ушығып бара жатқанын көрсетеді. Бұл мәселеге шұғыл әрі нақты шаралар қажет. Бала – біздің болашағымыз! Ертеңіміздің жарқын болуы үшін біз олардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне, алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасауға тиіспіз. Сіздерді тыңдасақ, барлық жұмыстар жүріп жатыр, ауқымды шаралар атқарылып жатыр дейсіздер. Бірақ нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар. Соңғы екі аптада үш қайғылы жағдай орын алды. Демек, сіздердің жұмыс тәсілдеріңіз тиімсіз. Оқушылардың тәрбиесі жөнінде мектеп, ата-ана, қоғам үштігінің өзара бірлескен жұмыстарын басынан қарау керек! Қазіргі балалардың күн сайын ой-өрісі өзгеріске ұшырап, көзқарасы басқаша қалыптасуда. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс тәсіліміз де жаңаша сипатта қарқын алу керек деп ойлаймын! – дей келе облыс әкімі нәтижесіз жұмыстарды сынға алды.
Өңір басшысы бұған дейін ат а лған мәс еле бойынша нақты тапсырмалар бергенін, алайда жауапты тұлғалардың қабылдаған шараларынан нақты нәтиже көрмей отырғанын қатаң түрде ескертті. Сонымен бірге әр ауылдық округтің жеке өз учаскелік полиция инспекторы болуы тиіс екенін алға тартып, бос штаттарды шұғыл толықтыруды жүктеді.
Ербол Қарашөкеев орын алған мәселелерге қатысты лауазымды тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шешімдер қабылдады. Облыс әкімі аппаратына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовке «сөгіс», Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековке, білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековке сондай-ақ әлеуметтік салаға жауапты Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова мен Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаевқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қабылдау тапсырылды.
Білім басқармасынан Тараз қалалық және Шу аудандық білім бөлімдерінің басшыларының және өзге де жауапты тұлғалардың атқарып отырған қызметіне сәйкестігін қарастыруды талап етті. Облыс әкімі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша шұғыл зерделеу тобын құрып, әр білім беру мекемесінде кеңейтілген сауалнама жүргізіп, оның нәтижесі бойынша тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыруды міндеттеді.
Бұл құрылатын топ өңірдегі барлық мектептің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің құқықтық с ауаттылығын арттыруға, қылмыстың с а лдары мен зардабын түсіндіруге күш салуы тиіс. Топ жетекшісі ретінде Тараз қаласы және аудан әкімдері жеке жауап беретін болады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




