1991 жылы Түркіст ан қаласындағы педучилищесін аяқтап, 2007 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының бастауыш мектеп ұстазы мамандығын алған. Оңтүстіктің шырайлы өңірінде қазақтың салт-дәстүр, әдетғұрып тәрбиесінің ортасында өскен ол мектеп ұжымы алдында, сол сияқты ауыл тұрғындарына сыйлы, үлкендердің алдын кесіп өтпейтін жан. Ауыл азаматы Жомартпен көңілдері жарасып шаңырақ көтереді. Жомарт ауылдық клубтың қызметкері, музыкалық аспаптардың маманы.
Отбасында бір ұл, үш қызы бар. Ауылға келін болып түскен соң көп уақыт өтпей қайын ата мен енесі дүниеден озып, жанұядағы бар ауыртпашылық, яғни үйдегі шаруа істері, балаларды күту, мектептегі ұстаздық қызметін атқару оңай іс болған жоқ. Ауыл тұрғындары алты ай қыс бойы үйлерін жылыту үшін отынға ағаш дайындап, көмір жағатын. Мемлекеттің жол картасы бағдарламасы аясында бұл күнде әр үйге табиғи көгілдір отын, таза ауыз су құбырлары тартылып, интернет байланыс жүйесі іске қосылған.
«Пешке от жағып, күл шығарудан құтылдық», – дейді Айзада өз ризашылығын білдіріп.
Ұлы Әбутәліп Құлтаев 1992 жылы туған, орта мектепті үздік бітіріп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Ақтөбе қаласындағы әскери ұшқыштар мамандығын даярлайтын институтын аяқтап, бұл күнде Тараздағы әскери бөлімде қызмет етеді, шені – майор, үйленген. Кеіпкеріміздің қызы Ақерке – Түркістан қаласындағы медициналық колледжінің түлегі. Ал Шұғыласы – Семей педагогикалық институтының магистратурасын аяқтап, Тараз қаласында өз мамандығы бойынша қызмет етеді.
Кенжесі Аяулым – бастауыш мектеп оқушысы, Шолаққайындыдағы бірлігі мен берекесі жарасқан үлгілі отбасының ата-анасы, білікті ұстаз.
Бейбіт БАЙСАРИЕВ
Т.Рысқұлов ауданының Құрметті ардагері, Шолаққайыңды ауылының тұрғыны, зейнеткер
Ұқсас жаңалықтар
Республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
- 9 сәуір, 2026
Бірегей білім ордасы
- 8 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




