Биыл Қылышбай, Ақсүйек, А.Назарбеков және Биназар ауылдарында орта жөндеуден өтетін көшелер саны аз емес. Қылышбай ауылындағы үш көшенің орта жөндеу жұмысына жалпы 106,6 миллион теңге бөлінсе, биылға 53,6 миллион теңге қарастырылды. Қалған қажетті қаражат та кезең-кезеңімен игерілмек. Осы жобаның негізгі мердігері – «АлКонСерлтд» ЖШС. Бұл компания өңірдегі ірі жобалардың сенімді орындаушысы ретінде танылған. Ақсүйек ауылында да үш көшеге орта жөндеу жұмыстары басталды.
Бұл мақсатқа 152,6 миллион теңге қаралып, биылдың өзінде 119,2 миллион теңге бөлініп отыр. Қалған қаржы да тиісті уақытта жеткізіледі. А.Назарбеков ауылында екі көшеге 36,3 миллион теңге, ал Биназар ауылындағы Жайлаубек көшесіне 49,3 миллион теңге бөлінген. Көшелерді жөндеуде сапа мәселесі басты назарда. Мысалы, 2025 жылдың 25 шілдесінде А.Назарбеков ауылындағы Т.Рысқұлов және С.Сейфуллин көшелерінде жаңа асфальт төселіп, орта жөндеу толық аяқталды. Бұл ауылдың тұрғындары үшін ұзақ күткен қуаныш болды. «Ал Кон Сер лтд» ЖШС-нің мамандары жаңа жабынды төсеу жұмыстарын мінсіз деңгейде атқарды. Енді бұл көшелердің сапасы арнайы зертханалық сараптамадан өтеді.
«Ұлттық жол активтері сапа орталығы» РМК мамандары асфальттан керн үлгілерін алып, зерттеу жүргізуде. Зерттеу нәтижелері бойынша ғана көшелер ресми түрде пайдалануға берілетін болады. Бұл – жұмыстың ашықтығы мен әділдігіне дәлел. Ауыл жолдарының жаңаруы – бір қарағанда қарапайым жаңалық сияқты көрінгенімен, ауыл тұрғындары үшін бұл – үлкен оқиға. Күн сайын шаңға, шұңқырға, батпаққа тап болып жүрген жұртшылық енді жаңа жолмен еркін қозғалады. Балалар мектепке, жастар жұмысқа, ақсақалдар дүкенге немесе емханаға кедергісіз барып келеді. Тіпті, күнделікті өмірдің ырғағы мен ауылдың көңіл-күйі де өзгереді.
Аталған баст амалардың барлығы аудан басшылығының тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға деген шынайы ұмтылысын көрсетеді. Әрбір ауылдың жаңарған жолы – елді мекендердің келбетін, халықтың көңіл-күйін көтеретін нақты қадам. Жаңа жол – жай ғана асфальт емес, ауылдың болашағы үшін ашылған кең даңғыл жол деп білеміз!
Айдос ҚОСЫБАЙ
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




