«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мал өсіру тек пайда табу емес

Мал өсіру тек пайда табу емес
Автор
Мал шаруашылығы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды сала. Алайда мал өсіру тек пайда табу емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрбір мал иесі өз жануарына дұрыс күтім жасап, заңмен белгіленген міндеттерін орындауы тиіс.

Мал иесі ең алдымен малдың жағдайына жауап береді. Яғни малды уақтылы азықтандыру, таза су және жайылыммен қамтамасыз ету, қора-жайды санитарлық талаптарға сай ұстау, малдың өнімділігін арттыруға жағдай жасау, ветеринариялық талаптарды сақтау, мал ауруларының алдын алу, малды дер кезінде ветеринариялық есепке қою, міндетті түрде екпе егу және диагностикалық тексерулерден өткізу, сондай-ақ жұқпалы ауру белгілері байқалған жағдайда бірден ветеринар дәрігеріне хабарлау қажет.

Сонымен қатар мал иесі өз жануарының басқа адамдарға, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиян тигізбеуін қадағалауы тиіс. Бұл ретте малды рұқсат етілмеген жерге жаюға болмайды. Елді мекендерде малды қараусыз қалдырмау, қоқыс пен қалдықтарды дұрыс жоюға көңіл бөлу қажет.

Егер Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы мен жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес, мал иесі талаптарды орындамаған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қортындылай келе, мал иесінің міндеттері – тек жеке шаруашылықтың ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды. Әрбір жануарға дұрыс күтім жасау, ветеринариялық ережелерді сақтау – ауыл шаруашылығын дамытуға, адамдардың амандығына және экологиялық тепе-теңдікті қорғауға қосылған үлес.

 

Сәкен ЖҰМАНҚҰЛ

Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар