Отбасы күні қарсаңында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» атты форум өтті. Форум жұмысын Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова ашып берді.
– Адамның бақыты мен мұраты шаңырақ құрып, ұрпақ өсіріп, қызығын көру. Мемлекет басшысы отбасыға қатысты мәселеге үнемі назар аударып, қолдап келеді. Ұлағатты отбасыларға арналған «Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Осы жиынға келген отбасылардың баршасы айналасына құрметті. Атап айтқанда, білім, спорт, өнер салаларынан көзге түскен, абыройға бөленген шаңырақ иелері осында келді. Қазіргі таңда қала мектептерінде де ата-анамен жұмыс жанданып, алға басып келеді. «Әкем, анам және мен» атты отбасылық ойын көптеген мектептердің қызығушылығын оятты. Биыл аталған ойын қалалық деңгейде ауқымды болып өтті. Сол жиынға қатысушыларға шынайы алғысымызды айтамыз. Тараз қаласында да көпке үлгілі, тағылымды отбасылар аз еме с. Олардың бірқатары бүгін марапатталатын болады. Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді ол. Сонымен қатар жиында бірқатар үлгілі отбасылар және көшенің тыныштығын қорғап жүрген құқық саласының өкілдері Тараз қаласы әкімінің марапаттарына ие болып, оны Ұлана Сламбекқызы тапсырды. «Бүгін бірнеше ұстаздар отбасы марапатталып жатыр. Өзім білім саласында еңбек ететін болғандықтан, әріптестерім жүлде алғанына қуанамын. Басқа саланың өкілдеріне де табыс тілеймін. Ұлағатты да тағылымды шаңырақтар көбейе берсін», – дейді Тараз қаласындағы №45 гимназия директорының орынбасары Айнұр Қасаболатова.
Марапат алған отбасылар арасында Сергей Егембердиев, Берік Жорабеков, Пернеш Досжанова және Абдуалиевтер мен Жақсылықовтар отбасы да бар. «Жас ұрпаққа ұзақ жылдан бері білім беріп келемін. Бала да, шәкірт те тәрбиелеп отырмыз. Тәртіп жағына да мән береміз. Марапат үшін өте қуаныштымын», – деді үлгілі отбасының мүшесі Пернеш Досжанова.
Мұнан соң өнерлі Жорабековтер отбасы әннен шашу шашып, өнерлерін көрсетті. Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің Гүлдерайым Нұрмолдаева бастаған әншілері сахнаның көркін кіргізді.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




