Жасанды интеллектіні енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс – Бектенов
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2025
- 1.2k
«Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық салаларын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.
Мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді:
осы жылдың 15 қарашасына дейін денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына НҚА-ға тиісті өзгерістер енгізе отырып, отандық стартаптардың шешімдерін енгізуді қамтамасыз ету;
осы жылдың 20 желтоқсанына дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру;
осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу;
осы жылдың 20 желтоқсанына дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.
***
Денсаулық сақтау саласында НҚА-ға өзгерістер енгізу негізінде ЖИ дамитын болады, бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге септік етеді. Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды ерте анықтау бойынша функционал іске қосылмақ. Осы жылдың соңына дейін 7 ақпараттық жүйе 2-ге біріктірілмек. Осындай жұмыспен салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қамтылады. Осылайша, бірін бірі қайталайтын жүйелер шоғырландырылады, бұл медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.
Энергетика саласына жасанды интеллекті технологияларын енгізу, электр және жылу желілерін диагностикалау үшін дрондарды пайдалану ақауларды дәл анықтай отырып, объектілерді қысқа мерзімде толық тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қалалық инфрақұрылымды тексеру үшін құбырлардың бойымен қозғалу үшін қажетті датчиктермен жабықталған арнайы құрылғыларды пайдалану және инфрақұрылымның қазіргі жағдайын ішкі жағынан тексеру жоспарлануда. Бұл шаралар мониторингке, уақтылы ден қоюға, ақаулардың бірыңғай базасын және сыни дәрежелерге бөлінген жөндеу жоспарларын қалыптастыруға бағытталған. Жасанды интеллектіні енгізу еңбек шығындарын азайтады, энергиямен тұрақты жабдықтауға және жылыту маусымының ойдағыдай өтуіне ықпал етеді.
Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын құру энергетикалық жүйенің киберқауіпсіздік саласындағы шараларын күшейте түседі. Орталық мамандары саланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның ерекшелігін ескере отырып, энергетикалық объектілерге қойылатын жаңа талаптарды әзірлейтін болады.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




