«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ерлік - ескірмейтін құндылық

Ерлік - ескірмейтін құндылық
Автор
Облыс орталығында орналасқан Шерхан Мұртаза атындағы №30 гимназиялық мектебінде оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттырып, ұлтжандылығын ояту мақсатында және мектеп қабырғасында білім алып жатқан ер балалардың ержеткенде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру мақсатында ерлік сабағы ұйымдастырылды.

Әскер жасына дейінгі жасөспірімдер арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуді көздеген бұл шарада ел өміріндегі әскери қызметтің маңыздылығы атап көрсетілді. Болашағымызды жалғайтын жас толқынға Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігі түсіндірілген ерлік сабағы барысында жауынгерлердің Отан қорғаудағы, бейбіт елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қалтқысыз қызметі жөнінде әдемі әңгіме өрбіді.

Бұған 28903 әскери бөлімі командалық пункт байланыс батальоны командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Айдос Жақсылық атсалысты. Мұндай кездесулер жас толқынның жүрегінде Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге қызығушылығын оятуға игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Еңселі ерлердің ерлігін ту еткен бұл жылы жүздесу егемен еліміздің қасиетті қорғаны болу – қазақ халқының барша ер-азаматтарының ұлы борышы екендігін жас буынға жан-жақты түсіндіріп бере алды.

– Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияда өте үлкен іс-шара ұйымдасытырылды. Дәрістен әр ер бала өзінің жеке азамат екеніндігін түйсініп, тәлім алды. Біз өте көп нәрсе үйрендік. Мысалы, айта кетсек, Қазақстанда тұратын әрбір ер-азаматтың армияға баруы – оның қасиетті борышы, міндеті екендігі болды. Мен әскерге міндетті түрде барамын. Себебі, ол – біздің борышымыз. Әскерге бару әр ер-азаматтың міндеті, – дейді 11 сынып оқушысы Ерасыл Анарбек.

 

Талғат ТАЛАПҰЛЫ

Aq jol-Aqparat

Ұқсас жаңалықтар