Робот сот орындаушысы арқылы жыл ішінде 78,9 миллиард теңге үнемделген
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2025
- 701
Еліміздің заң саласындағы маңызды жетістіктің бірі – «Сот орындаушысы роботынын» енгізілуі. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда айыппұлдың 25 пайызға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегінақ атқарады. Жаңа жобаның нәтижесінде ел азаматтары 2 миллиард теңгеге жуық соманы үнемдей алады.
– Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, заң саласында цифрлық қолжетімділіктерді арттыру да бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. Жүйе алгоритмі келесідей тәртіппен жұмыс істейді: алдымен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді. Бұдан кейін робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттігі туралы SMS хабарлама жөнелтеді. Үшінші қадам – айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады. Төртінші қадам – төлем уақтылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады, – дейді облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов.
Робот сот орындаушысы азаматтарға қатысты 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар негізінде қозғалады. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде жеке тұлғадан жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы әкiмшiлiк құқықбұзушылық iстер бойынша шығарылған сот және уәкілетті орган қаулылары, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар, берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрық пен атқарушылық құжаттар қабылданады.
Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжаттың негізінде аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы оңайлатылған іс жүргізуді дереу қозғайды, ол туралы қаулы шығарылады. Борышкерге жеңілдетілген өндірісті қозғау туралы СМСхабарлама оның ұялы телефонына немесе басқа байланыс құралдарына жіберіледі.
Бұл жерде СМС хабарлама 1414 нөмірінен немесе e-Gov mobile мобилдік қосымшасынан келеді. Атқарушылық құжат бойынша берешекті оңайлатылған іс жүргізуде төлеу жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлемей жүзеге асырылатынын атап өту қажет.
Борышкер оңайлатылған іс жүргізумен келіспеген жағдайда, қаулымен танысқаннан кейін алынған сілтеме бойынша өтіп, көрсетілген терезеде «Келіспеймін» батырмасын басу арқылы атқарушылық құжаттың талаптарын оңайлатылған іс жүргізуде орындаудан бас тартуға құқылы.
Бұл жағдайда аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік ақпараттық жүйесінде атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларында көзделген тәртіппен жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға беру туралы қаулы қалыптастырады. Оңайлатылған өндірісте қандай мәжбүрлеп орындау шаралары қолданылады? О
ңайлатылған іс жүргізуді қозғағаннан кейін борышкер туралы мәліметтер автоматты түрде борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі. Оңайлатылған іс жүргізуді қозғағаннан кейін күнтізбелік бес күн өткен соң атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде санкциясыз борышкердің екінші деңгейдегі банктердегі есептік шоттарына тыйым салу туралы қаулы шығарылады.
– Банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналасқан борышкердің ақшасы мен мүлкіне тыйым салынған күннен бастап күнтізбелік бес күн өткен соң борышкердің борыш сомасын төлегені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе сі арқылы Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде борышкерге мүлікке билік ету жөнінде белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады. Банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасын өндіріп алу атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған аумақтық органның инкассолық өкімі негізінде жүзеге асырылады. Инкассолық өкім оңайлатылған іс жүргізу қозғалған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн өткен соң электрондық нысанда өндіріп алудың негізділігін растайтын атқарушылық құжаттарды қоса бере отырып, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жолданады, – дейді Нұрғали Андасов.
Жалпы цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бір жыл ішінде 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу бойынша барлығы 1, 09 миллиард теңгені құрайтын 51 643 атқарушылық іс қозғалған. Оның ішінде 315 934 765 теңгені құрайтын 15 790 атқарушылық іс жүргізу айыппұлдың төленуіне байланысты қысқартылса, 5 387 атқарушылық іс жүргізу орындалу сатысында.
Осылайша Робот сот орындаушысы арқылы жеке тұлғалар жеке сот орындаушысының қызметінің ақысына төленетін 78,9 миллион теңге үнемделіп отыр.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Жалған сөздің жазасы ауыр
- 4 желтоқсан, 2025
Ата-анасы бөлек тұратын баланың құқығы қорғалған ба?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




