Ел келешегін айқындаған маңызды жиында еңбек адамдарына айрықша мән берілді. Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы – еліміздің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Президентіміз атап өткендей, елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Бүгінде энергетика, таукен, металлургия, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салаларға маман даярлау еліміздің басым бағыттарының бірі болып отыр.
Президент атом электр стансасы секілді ірі жобаларды жүзеге асыру қарсаңында сапалы білім мен кәсіби дағдыны меңгерген мамандар өте қажет екенін айтты. Сондықтан адал еңбектің үнемі жоғары бағаланатынын ел жастары естен шығармауы тиіс. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады.
Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!
Әлібек САТҚАНБАЕВ
«Қазфосфат» ЖШС Қаратау тау-кен байыту кешенінің техник-технологы.
Ұқсас жаңалықтар
Саналы қоғам қалыптастырудың басты тетігі қандай?
- 12 ақпан, 2026
Өз кәсібін ашқандар қолдауға ие
- 12 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




