Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру ісшараларының нәтижесінде өз сыныптасын пышақтап өлтірген жас ізін суытпай ұсталған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде Қылмыстық Кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Кәмелетке толмаған күдікті, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел тергеу ісшаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.
Ал Тараз қалалық білім бөлімі оқиғаның оқу үдерісінен тыс жерде болғанын жеткізді. Жанжал тұрмыстық себептерден туындап, жасөспірімдер бұрын кездеспеген. Бұл ретте екі мектеп оқушыларының төбелескені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Топтық ұрыс фактілері жоқ. Нарғазы Данаев атындағы орта мектептің 9 «В» сыныбының жетекшісі Гүлмира Жанаеваның сөзінше, мезгілсіз қайтыс болған жеткіншектің мінезі жайдары, артық қылығы болмаған.
«Ол менің сыныбымда былтырғы жылдан бері оқып келді. Марқұм сабырлы болатын. Сыныптастарымен де, мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынаста еді. Сабақ үлгерімі орташа болғанымен, мектепішілік іс-шараларға белсенді түрде атсалысатын. Бос уақытында өзінен кейінгі екі қарындасына қамқорлық танытып, жұмыссыз анасына жәрдемші бола білді. Биыл 9 сыныпта оқитын еді», – дейді Гүлмира Сейітбекқызы.
Өкінішке қарай, тараздықтардың төбе шашын тік тұрғызған дәл осындай оқушылар арасындағы оқыс оқиғалар бұған дейін де орын алған еді. Естеріңізде болса, сегіз жыл бұрын 10 жастағы оқушының өліміне қатысты 14 жас ар жеткіншек күдікке ілінді. Өңірлік полиция департаментінің қызметкерлері олардың желім иіскегендерін анықтаған.
Оған қоса күдіктінің ақыл-есінде ауытқу бар екені белгілі болды. Ал 2022 жылы 14 жастағы бала 12-қабаттан секіріп кетті. Сол кезде жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептерін анықтау үшін егжей-тегжейлі тергеу жұмыстары жүргізілді. Арнайы мамандар жеткіншектің өлер алдында қалдырған хатын зерттеуге де күш салды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жалған сөздің жазасы ауыр
- 4 желтоқсан, 2025
Ата-анасы бөлек тұратын баланың құқығы қорғалған ба?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




