Іс-шарада Абай атындағы Тараз қалалық кітапханалар жүйесі тақырыптық кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынса, қолөнер шеберлерінің көрмесі де көркемдігімен көз тартты. Қала тұрғындары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, гір тасын көтеру және тағы басқа спорт түрлерінен жарыст ар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлыққа да ие болды.
Жастардың бойында отаншылдыққа, Конституцияны құрметтеуге деген патриоттық сезімдер оянғаны анық. Іс-шара барысында Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, тарихы мың жылдықтардан тамыр тартқан шаһар жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
– Конситутуция күні – еліміз үшін ең қастерлі мереке. Еліміздің барлық адамдары осы Заң мен тәртіп арқылы қауіпсіз деңгейге жетіп отыр. Біздің әулиеаталықтар мерекені үлкен көңілкүймен, ерекше тойлап жатыр. Ол өте дұрыс, көңілге қонымды. Өзім «Астана» шағынауданының тұрғыны болғандықтан, осы саябаққа үнемі келемін. Серуендеп жүремін. Мерекеде түрлі бағдарламалар жүзеге асып, концерт ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымын. Менің көршілерім де осында жүр. Ақсақалдар мен әжелер де келіп, концерт тамашалап, бір жасап қалды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп жатыр, – дейді А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




