Жақында Тараз қаласының Д.Қонаев және Қойгелді көшелерінің қиылысына жақын орналасқан бір нысанның маңдайшасындағы жазуды оқып, ойланып қалғанымыз рас. «Қыз жасау», – деп тұр. Ойпырм-ай, бұл қалай? Қыздың жасауын жасауға болады, бірақ бойжеткендерді жасап шығаруға дамыған еш технологияның мүмкіндігі жетпес. Әлгі ғимараттың ішіне кіріп, сұрастырдық. Қыздың жасауын дайындап, сататын сауда орны екен. Тек сатушылары болғандықтан, қожайынмен жолыға алмай кеттік. Ертеңіне Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаеваға хабарласқан едік.
«Қыз жасауы» ғой, дұрысы. Бәлкім бір әріп түсіп қалған болар. Мен ол кәсіпорын басшысымен сөйлесемін, түзетеміз», – деді.
Сөйлесті. Екі күннің ішінде түзеп, әлгі маңдайшаға «Қыз жасауы» деп жазды. Аталған сауда орталығының иесі Камилжан Кайбуллаевпен біз де сөйлестік.
«Екі күннің ішінде түзеп жазып қойдық. Сонда сіздің қызметіңіз қателерді түзету ма?» деп өзіме сұрақ қойды ол кісі.
«Жоқ, ондай олқылықты түзете жүру бәріміздің міндетіміз болар», – дедім.
Айттық, түзетті. Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаеваға да рақмет. Мәселеге бейжай қарамайтынын танытты. Бәлкім екі күннің ішінде түзеткен соң, осы жайтты жазбасақ та болар ма еді. Дегенмен, өзге кәсіпкерлерге үлгі болсын дедік. Түзетеміз десек, түзейміз. Қате жібермейміз десек, жібермейміз. Қолымыздан келеді.
Ендеше, тілдің тазалығына, жарнамалардың сауатты жазылуына бәріміз жауаптымыз. Себебі қазақтың тілі – бәрімізге ортақ!
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Туризммен айналысатындарға мемлекеттік қолдау күшейді
- 26 ақпан, 2026
Еңбек адамының мүддесі – тұрақтылық негізі
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




