Вице-министрдің сөзінше аталған жүйе әрекет ету уақытын үш есе қысқартуға, өрт ауданын жиырма есе азайтуға және сөндіру шығындарын он бес есе азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 1,3 миллион гектарды қамтитын алаңдарда 148 камера орнатылғанын атап өтті.
– Адами фактор бар екенін мойындау керек. Кей жағдайларда адам қауіп-қатерді байқамай қалуы мүмкін, себебі ол камера секілді алысты көре алмайды. Ал заманауи үлкейткіш мүмкіндіктері бар техникалық құрылғылар бұл мәселеде әлдеқайда тиімді. Бүгінде орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігіне жауапты барлық орманшылар өз орындарында жұмысын жалғастыруда, оларды қысқарту туралы әңгіме жоқ. Алайда қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында қосымша бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл камералар қауіпке жедел әрекет етуге және алыстан көруге айтарлықтай көмектеседі, – деді Дмитрий Мун.
Бұдан басқа, шығарындыларды бақылау бөлігінде барлық экологиялық ақпараттық жүйелерді біріктіретін платформа енгізілді. Бұрын кәсіпорындар қағаз есептілікті және өлшеулерді қолмен жүргізген болса, бүгінде бұл өзгертілді: кәсіпорын құбырларға әр 20 минут сайын онлайн режимінде интернет арқылы ақпаратты бірыңғай платформаға жіберіп отыратын тиісті датчиктерді орнатуға міндетті. Қазіргі уақытта табиғатты пайдаланатын 91 міндетті кәсіпорынның 76- сы қосылған.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




